944

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,7 трлн теңгеден астам сомасында зейнетақы төленді

Қазір елімізде 2 млн-нан астам зейнеткер тұрады.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,7 трлн теңгеден астам сомасында зейнетақы төленді
gov.kz

SmartNews басылымының хабарлауынша, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 755,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға – 845,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 910 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды.

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 320 мың адам.

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 873 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 980 теңге, базалық зейнетақы – 37 893теңге.

Еске сала кетсек, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.