840

Димаш шахтада әкелері мерт болған 20 отбасыға 20 млн теңге аударды

Димаш қайырымдылық ісімен жұртты таң қалдырды.

Димаш шахтада әкелері мерт болған 20 отбасыға 20 млн теңге аударды
ашық дереккөзден

Informburo басылымының хабарлауынша, ол Костенко шахтасындағы апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға  1 миллион теңгеден аударды.   

Бұл туралы отбасының досы журналист Бауыржан Бабажанұлы айтты.

"Жалпы Айтбаевтар отбасы  бергенін жариялай бермейді. Бірақ мына хабарды ел білуі керек қой.  Димаштың бұл ісін басқа да өнер иелері жалғастырып әкетсе, кәнеки!", - деп жазды ол.