Алматы облысында жалған TOYOTA өнімдері тәркіленді

18.11.2023, 16:33
756
Алматы облысында жалған TOYOTA өнімдері тәркіленді gov.kz

Іс материалдары Алматы облысының Әділет департаментінде және жақын арада сотқа жіберіледі.

SmartNews.kz сайтының хабарлауынша, 15 қарашада Алматы облысында сауда қоймасын тексеру барысында жеке кәсіпкер мен «А» ЖШС-нің (тауарларды көтерме сату) «TOYOTA» тауар белгісін (қапталған мотор майын, АКПП үшін сұйықтықты сату) заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Контрафактілік өнімдердің саны 520 дана (1 736 литр) жалпы сомасы 5 675 480 теңгені құрады.

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Әділет министрлігінің, Алматы облысы және Алматы қаласы аумақтық әділет басқармаларының қызметкерлері Алматы облысының полиция департаментімен бірлесіп тауар таңбалары туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Жоспардан тыс тексеруге TOYOTA компаниясының авторлық құқық иесінің өтініші негіз болды.

Әділет органдары кінәлі тұлғаны ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабына ( тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауардың шығарылған жерінің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды.

Іс материалдары Алматы облысының Әділет департаментінде және жақын арада сотқа жіберіледі.

Еске сала кетейік, Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді