SKILLS ENBEK-те медиа және коммуникация саласында тегін оқуға болады

18.11.2023, 13:57
557
SKILLS ENBEK-те медиа және коммуникация саласында тегін оқуға болады

Енді «Медиа және коммуникация саласының өкілдеріне арналған кіріспе курс» атты тегін курс қолжетімді.

SmartNews.kz сайтының хабарлауынша, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ онлайн-білім беруді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Бірлескен жұмыс медиа және коммуникация саласындағы мамандардың жаңа буынын даярлауға арналған курстардың тізімін әртараптандыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ қызметінің негізінен мемлекеттік, жастар және отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінгі күні ынтымақтастық аясында Skills Enbek платформасында медиа және коммуникация индустриясы өкілдерін оқыту және біліктілігін арттыру үшін «Медиа және коммуникация саласының өкілдеріне арналған кіріспе курс» атты тегін курс қолжетімді.

Осы курс аясында қоғаммен өзара іс-қимыл саласындағы заманауи тәсілдер, коммуникациялық стратегияны әзірлеу, сондай-ақ осы саладағы табысты қызмет үшін маманның қажетті қасиеттері, іскерліктері мен дағдылары қарастырылады.

Skills Enbek платформасы қазақстандық онлайн білім беру нарығының көшбасшыларының бірі болып табылады. Онда әр түрлі бағыттар бойынша 255 курс орналастырылған, оның 195-і тегін. Платформада барлығы 346 мыңнан астам адам тіркелген, жалпы 288 мың қазақстандық оқуды сәтті аяқтап, сертификаттар алса, оның ішінде 137 мыңнан астамы биылғы жылы оқуын тәмәмдаған.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды