"Үш семинарға миллион теңге жұмсадым": Қазақстандық әйелдер көріпкелдерге сеніп қыруар қаржыдан айырылған

19.11.2023, 10:34
513
"Үш семинарға миллион теңге жұмсадым": Қазақстандық әйелдер көріпкелдерге сеніп қыруар қаржыдан айырылған stan.kz

Қазақстандықтар алаяқ-көріпкелдердің құрығына түсіп қалғанын мәлімдеді.

Көріпкелдер оларға "көз тиген" деп сендірген. 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасының хабарлауынша, қарғыстан арылу үшін қыруар қаржы беріп, арнайы тұмар да сатып алыпты. 

Көріпкелдер "байлық, махаббат пен энергетиканы" дамытуға арналған семинар өткізіпті. Қатысушылар "Күш" деп аталатын клубқа қосылу үшін қыруар қаржы берген. Тіпті көріпкелдер "сиқыр мен сандық технология байланыса алмайды" деп қолма-қол ақша ғана алған. 

"Үш семинарға миллион теңге жұмсадым. Олар "отбасыда қарғыс бар, оны жоймаса, жамандыққа алып келеді" деді. Айтқандарына сендік. Семинарға қатысқан әйелдердің барлығы қиын жағдайда тап болған, мәселеден шығудың жолын іздеген жандар. Бастапқыда мұны йога деп атады. Олар – кәсіпқой арбаушылар, барлық қорқынышымызды жазуды сұрады. Барлығын жазған соң ақпаратты сол тізімнен алып, бізге әсер ететін дүниелерді қару ретінде пайдаланды", – дейді зардап шеккендердің бірі Айна Айжанова. 

көріпкел

Жалған көріпкелдер туралы ресейлік БАҚ та жазған. Ал мессенджерде "Стоп секта" деп аталатын топқа 12 мың адам қосылыпты. Оның 200-ге жуығы қазақстандықтар. Ал келген шығын жүздеген милионға жеткен. 

"Семинарға келгенде әрқайсымыға тұмар берді. Бағасы 150 мың теңге, ал адамдар соған сенеді. Меніңше, бұл – секта. Адамдар жыл сайын алданып, тіпті пәтерінен де айырылғандар бар", – деді жәбірленуші Анна Бушмарина. 

Зардап шеккендер топты құрғандар ұйымдастырушыларға хабарласпақ болған, алайда ешкім тұтқаны көтермепті. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды