Шымкенттегі Ұлттық ұлан сарбаздары білім гранттарын алды

19.11.2023, 12:57
1188
Шымкенттегі Ұлттық ұлан сарбаздары білім гранттарын алды Шымкент әкімдігі

18 қарашада Шымкент қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің саптық алаңында белгіленген қызмет мерзімін өтеген 2-2022 әскерге шақыру сарбаздарының запасқа шығарылуына байланысты салтанатты іс-шара өтті.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара аясында 97 мерзімді қызмет сарбазына жоғары оқу орнына тегін негізде оқуға түсу туралы сертификаттар табысталды.

Бұл жоба азаматтарды мерзімді әскери қызметке ынталандыру және армияның беделін арттыру мақсатында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылды.

Іс-шараға әскери бөлімнің басшылығы, ардагерлер, сондай-ақ сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты

Сіздердің қызмет кезеңіңізде жауынгерлік сайысты орындау бойынша нәтижелерге қол жеткізілді және күш-жігерлеріңіздің арқасында бөлімнің алдына қойылған барлық қызметтік-жауынгерлік міндеттер орындалды. Сіздер Отанның ұлттық және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайықты үлес қостыңыз, барлық жүктелген міндеттерді абыроймен орындадыңыздар, - деп атап өтті 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахпанов.

Білім сертификатының иегерлерінің бірі Рүстем Шәкенов болды. Ол Қарағандыдан шыққан. Қызметтің 12 айында ол өзін жақсы жағынан көрсетті және әртүрлі жетістіктері үшін 785 ұпай жинады.

Бөлімде қызмет өткеру кезінде мен дене шынықтыру, мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша күнделікті сабақтардан өттім және басқа да бағыттар бойынша жақсы нәтижелер көрсеттім. Бұл үшін маған ЖОО-ға түсуге мүмкіндік берілді, - дейді Рүстем.

Айта кету керек, мерзімді әскери қызметтен өткен сарбаздар осы сертификаттармен ЖОО-ға екі жыл ішінде түсе алады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды