2991

Қырғызстан ұзын сақал мен ниқабқа тыйым салмақ

Ерлердің сақал ұзындығы мен әйелдердің ниқабы қадағалана ма?

Қырғызстан ұзын сақал мен ниқабқа тыйым салмақ
ашық дереккөзден

SmartNews басылымының хабарлауынша, Қырғызстан парламенті қауіпсіздік мақсатында әйелдерге үсті-басын толық жабатын – ниқаб киюге, ерлерге ұзын сақал өсіруге тыйым салатын заң жобасын жариялады. Бұл туралы Азаттық басылымы жазды.

14 қарашада қоғамдық талқылауға шығарылған заң жобасында бұл шара азаматтардың жүзін көріп, түр-тұлғасын ажырату үшін керек деп түсіндірілген.

Заңды бұзған адамдар 22 доллар көлемінде айыппұл төлейді немесе 30 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегіледі. Бұл тыйымды қайта бұзғандар 44 доллар айыппұл немесе 40 сағат қоғамдық жұмыс деген жазаға кесіледі. Заңда қандай ұзындықтағы сақалға тыйым салынатыны нақты көрсетілмеген. Бұл жауапқа тарту туралы шешімді субъективті түрде қабылдауға мүмкіндік береді.