Республикалық айтыстың бас жүлдесі ақтөбелік ақынға бұйырды

19.11.2023, 17:09
914
Республикалық айтыстың бас жүлдесі ақтөбелік ақынға бұйырды gov.kz

Ақтөбеде қазақтың ұлы ханы Әбілқайыр ханның 330 жылдығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

SmartNews басылымының хабарлауынша, жыр додасында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Асхат Шахаров жас ақындарға сәттілік тіледі. Ақтөбеде қазақтың ұлы өнері – айтысты өткізу алдағы уақытта да жалғасатынын, бұл шаралар өңірде сәтті қалыптасып жатқан айтыс ақындары мектебінің дамуына жаңа леп беретініне сенім білдірді.

Сөз бәйгесіне еліміздің Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар өңірлері мен Шымкент қаласынан 7 ақын, Ақтөбе облысынан 5 ақын қатысты.

Ал олардың өнеріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, айтыс ақындары Мэлс Қосымбаев, Бекжан Әшірбаев, ақын Жанарбек Әшімжан, ақын, драматург Оралбай Кометия, ақын Сәтжан Дәрібай баға берді.

Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Аманжол Әлтай жүргізді.

Сурет: gov.kz

Ақындар бір-біріне сұрақтар қойып, ұтымды жауаптарымен айтыс сүйер қауымның көңілінен шығып, берілген тақырып аясында, Әбілқайыр хан туралы кеңінен жырлады.

Нәтижесінде бас жүлде 1,5 млн теңге ақтөбелік Нұрбол Жауынбаевқа бұйырса, бірінші орынды Өміржан Көпбосын (1 млн теңге), екінші орынды Ержан Әміров пен Аспанбек Шұғатай (800 мың теңгеден), үшінші орынды Біржан Байтуов пен Марат Ахметов (500 мың теңгеден) өзара бөлісті. Ал Дидар Қамиев, Серік Қуанған, Нұрмахан Жақып, Жұлдыз Қожабекова, Аруна Керімбек, Жәнібек Бейбітовке ынталандыру сыйлығы 300 мың теңгеден берілді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды