"Әкім кеткесін жауып тастады": Ақтөбе облысында жаңа спорт кешені қаңырап тұр

19.11.2023, 19:46
814
"Әкім кеткесін жауып тастады": Ақтөбе облысында жаңа спорт кешені қаңырап тұр видеодан алынған кадр

Кешеннің ашылуы "Көзбояушылық қана" дейді тұрғындар.

SmartNews басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында ақпан айында ресми ашылған спорттық-сауықтыру кешенінің есігінде әлі күнге дейін құлып ілулі тұр.

Қарғалы ауданының Петропавл ауылында салынған нысан жыл басында қолданысқа берілді деп жергілікті әкімдіктің ресми сайтында жарияланған. Алайда содан бері спорт залына балалар аттап баспаған. Бұл туралы 24.kz арнасы жазды.

Аудандық әкімдіктің ресми сайтында спорттық-сауықтыру кешені ақпан айының 27-сі күні ашылды деп жазылған. Шарада ауыл балалары алғашқы достастық кездесулерін өткізіп, жаттығу жасап та үлгерді. Облыстың бұрынғы басшысы жеткіншектерге футбол мен волейболға арналған жейделер және доптарды сыйға тартты. Салтанатты жиын аяқталған соң ғимаратқа спорт сүйер жұрт аяқ баспаған сыңайлы. 

 - Балалар волейбол ойнап мәз-мейрам болған еді. Әкім кеткеннен кейін қайтадан жауып тастады. Көзбояушылық қана. Құрылыстың сапасын да көріп тұрсыз, - дейді Петропавл ауылының тұрғыны Нұрбек Сейілов.

Желтау ауылдық округінің әкімі Азамат Рзағұлов спорт нысаны әлі ресми қолданысқа берілген жоқ дейді. Ал жыл басында өткен жиынды облыс басшылығының құрылыс қарқынымен танысуы ғана деп түсіндірді. Кешенді мердігер тек маусым айында салып бітірген. 

 - Құрылыс басқармасы салды. Солар қабылдаған. Енді басқарма спортқа береді, содан кейін балансқа ауданға береді. Сосын барып штат бөлінеді. Әлі ресми түрде ашылған жоқ, - дейді Желтау ауылдық округінің әкімі Азамат Рзағұлов.

Спорттық-сауықтыру кешені футбол мен воллейбол, гандбол және жеңіл атлетикамен шұғылдануға арналған. Әкімдіктің ресми хабарламасында 240 адамға шақталып салынды делінген. Тіпті көршілес Шәмші Қалдаяқов ауылы балаларын да қабылдауға қауқарлы. Алайда құрылысына аудандық бюджеттен 270 млн теңге бөлінген су жаңа нысан қазір қаңырап бос тұр.

 - Рәсімдеу құжаттары әлі де жүргізіліп жатыр. Осыған дейін жерге байланысты құжаттарда мәселе болды. Қазіргі таңда ауданмен бірлесіп, барлығын қалпына келтіріп, қазіргі таңда жұмыстар жасалып жатыр. Осы жылдың аяғына дейін аталған нысанды спорт басқармасына балансқа, теңгерімге бөлу жоспарда, - дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев.

2600-ден астам тұрғыны бар Петропавл ауылында бұрын-соңды мұндай кешен болмаған. Жергілікті спортшыларға арналған үйірме сағаттары орта мектептің спорт залында өтеді. Сондықтан тұрғындар нысан біржола ашылуын асыға күтіп жүр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды