"Күйеуіңмен тең құқылысың деген сөз ұнамайды": Гүлзира Айдарбекова ерлі-зайыптылардың ажырасу себебін айтты

20.11.2023, 09:59
4315
"Күйеуіңмен тең құқылысың деген сөз ұнамайды": Гүлзира Айдарбекова ерлі-зайыптылардың ажырасу себебін айтты stan.kz

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова еліміздегі ажырасу себебін айтып, әйелдерді ер адамдардан бір саты төмен тұруға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

Продюсер жақында Солтүстік Кипр еліне демалуға кеткен болатын. Айтуынша, осы демалысты пайдаланып, оқырмандарымен тығыз байланыс орнатып, олардың тарапынан келетін сұрақтардың бірін де жауапсыз қалдырмауды көздейді. 

“Қазір қоғамда жиі айтылатын сөзге қарным ашады. “Өзіңді жақсы көр, күйеуіңмен теңсің, өзің ғана күшті бол” дегенді асыра сілтеп тастаған. Негізі, тереңнен ойласақ, біздің менталитетке сай келмейді. Біздің қазақ әрдайым ер адамды сыйла, әйел бір саты төмен дейді. Бізді ата-анамыз осылай тәрбиелеген. Олардың тәлімі біз үшін өмір бойы – сабақ. Жолдасымның айтқанына көбірек құлақ түремін. Дұрыс болмай жатса айтып түсіндермін. Мейлінше, ортақ шешімге келуге тырысамыз. Сіз де күйеуіңіздің бетінен алмай, тәкәппарлық танытпай, шешімін табыңыз. Отбасылық құндылық осыдан басталады”, – дейді продюсер. 

Айтуынша, әйелдердің ерлермен тең болуы – жат нәрсе, түбі ажырасуға әкеп соғады екен.

“Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар арасында әйелдер мен-мендікке салынып, артық кетіп жатады. Еліміздегі ажырасудың көбеюі де осыған байланысты. Қай жағынан алып қарасақ та ерлермен тең болуымыз – жат ұғым. Басқа ұлттарға қарасаң, қартайған шағында жалғыз қалады немесе қарттар үйіне өткізіп жібереді. Мейірім жоқ. Осындай өмірдің бетін әрмен қылсын! Біздікілер соларға еліктеп, өзіңді жақсы көр, күйеуіңе міндетті емессің” дегенді жиі айтады. Олардың дені біздің қазақы тәрбиемізге, өмір сүру салтымызға келе ме, зияны тимей де деп саралау керек. Ғаламтордағы ақпаратты сүзгіден өткізіп, керегін ғана алу керек. Қазір көп әйел “өзім”, “өзімдікі ғана дұрыс” деп кетті. Ол қазақтың “Мықты еркектің артында әйел тұрады” деген қанатты сөзімізді ұмыттырды. Ерлерге әйел тарапынан қолдау болмағасын отбасында махаббат пен мейірім азайып қалғандай көрінеді”, – дейді Гүлзира Үсенқызы. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды