"Әкеме ренішімнің барын жасырмаймын": Актер Рамазан Амантай отбасы туралы айтып жылап қалды

20.11.2023, 18:55
927
"Әкеме ренішімнің барын жасырмаймын": Актер Рамазан Амантай отбасы туралы айтып жылап қалды stan.kz

Отандық киноларда бой көрсетіп жүрген Рамазан Амантай алғаш рет отбасын айтып көз жасына ерік берді.

Бұл туралы “Динамен дұрыс” бағдарламасында айтты.

“Анам туралы айтқанда көзіме еріксіз жас келеді. Керемет талант иесі бола тұра, отбасын таңдады. Балаларының өнерлі болғанын қалады. Карьера қумады. Арманынан біз үшін бас тартты. Мен бір-бірін шексіз сүйетін, құрметтейтін ата-ананың баласы болдым. Көріп келе жатқаным тек әке-шешемнің бір-біріне деген ыстық махаббаты. Шешемнің көп қиындыққа төзгенін ойласам, жылап қаламын. Бұл көз жасы трагедия немесе әлсіздік емес. Анам көп нәрсеге көз жұмып, іштен тынды, – дейді актер. 

Айтуынша, анасы да еш өкінбейтін көрінеді. 

“Осы күнге дейін әттеген-ай, сахнаға шықпадым деп өкінген кезі жоқ. Іштен тынуы да мүмкін. Бір жағынан сахнаға шықпауы әкемнің қарсылығынан ба деп ойлаймын. Әкем үй шаруасымен айналысып, бала тәрбиелейтін әйелді қалаған шығар. Мен актер боламын дегенде екеуі де қолдады, бірақ анам өнер жолын қуғанымда ерекше қуанды”, – дейді өнер иесі. 

Алайда актер әкесімен қарым-қатынас туралы сұраққа тосылып жауап берді.

“Қазіргі салмақ қосуымның себебін психологтар ата-ана реніш деп айтады. Анама ешқандай реніш жоқ. Бірақ әкеммен келіспей қалатыным рас. Ол кісінің өз әлемі бар. Екеуміздің көзқарасымыз сәйкес келмейді. Ойымыз бір жерден шықпай қалып жатады. Кез келген мәселеде айтысып қалатынымыз рас. Қатты сөз айтып, ренжітіп аламын ба деп қорқамын. Сондықтан ештеңе айтқым келмейді. Ештеңені өзгертпей өз қалпында қабылдауға тырысып жүрмін, бірақ өте қиын. Әкеме ренішімнің барын жасырмаймын, – деп шынын айтты актер.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды