960

Салтанат Нүкенованың өлімі: «Гастроорталық» директоры Бишімбаевтың туысы болып шықты

Астананың бас прокуроры Ерлан Өтегенов Rixos қонақүйіндегі кулуарда ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша пікір білдірді. Бұл туралы nur.kz сайты хабарлап отыр.

Салтанат Нүкенованың өлімі: «Гастроорталық» директоры Бишімбаевтың туысы болып шықты
halyq-uni.kz

Ерлан Өтегенов іс тергеліп жатқанын, барлық сараптамалық зерттеу жүргізіліп жатқанын еске салды.

Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды, 2 айға қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деді ол.

Ол сондай-ақ іс бойынша екінші ұсталған адамның кім екенін айтты.

Ол «Гастроорталықтың» директоры, олардың туыстық қатысы бар. Бейнекамералар, иә, мұндай фактілер бар (олардан жазба жойылған – ред.ескертпесі). Бейнекамералардан түскен жазбалар қалпына келтірілді, - деп түйіндеді Астананың бас прокуроры.