Джо Байден: «Әлем қауіпсіз әрі еркін болады деген ойдан үміт үзбейік»

21.11.2023, 12:57
266
Джо Байден: «Әлем қауіпсіз әрі еркін болады деген ойдан үміт үзбейік» newizv.ru

Газа секторындағы соғыс әзірге тоқтаған жоқ. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бұл соғыстың төңірегінде күн сайын түрлі оқиғалар болып жатыр. Солардың бірі – Газа аймағындағы қазақстандықтардың елге жеткізілуі. Бұл жолы Алматыға 99 адам әкелінді. Оларға уақытша баспана берілгенін, құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетіліп жатқанын Сыртқы істер министрлігі  хабарлады. Адамдарды Газа аймағынан аман-есен шығару Қазақстанның Израиль, Иордания мен Египеттегі елшіліктері және сол елдердегі уәкілетті органдар мен халықаралық ұйымдардың бірлесе істеген жұмысының нәтижесінде жүзеге асқаны айтылды. Ол жақта әлі де отандастарымыз бар деп жатыр. Сондықтан қалғандарды да елге жеткізу жұмысы жалғасады екен. Жалпы, қазір Қазақстан азаматтарын Газадан эвакуациялаудың бірінші кезеңі өтіп жатқаны хабарлаған болатын. Бұған дейін Алматыға 124 қазақстандық жеткізілген еді.

Болып жатқан саяси оқиғаларға келсек, олардың кейбірі атап өтуге тұрарлық. «Вашингтон Пост» басылымы Газадағы соғысты бес күнге тоқтатуға келісім жасалды деген хабарды жариялады. Катар елі араағайындық жасап, Израиль, ХАМАС және АҚШ-тың өкілдері қатысып мәміле қылған көрінеді. Келісім АҚШ пен ХАМАС арасында жасалған. Келісім бойынша соғыс бес күнге тоқтауы және ХАМАС кепілдіктен сол күндері 50 адамды босатуы тиіс. Бес күннің әр тәулігінде оншақты адамнан босатып отыратын болған. Соғысты бес күнге тоқтату келісімі жайлы тек басылымда жазылған, алайда не Израиль, не ХАМАС, не АҚШ тарапынан ресми хабар таратылған жоқ.

Газада кепілдікте барлығы 240 адам бар екені айтылып келеді. Кепілдікте отырған адамдардың туыстары  жуырда Израильде ірі митинг ұйымдастырған.

Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс жайлы батыл мәлімдемелерді жасап жүрген саясаткерлердің бірі – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Бірер күн бұрын ол Германияда болып, канцлер Олаф Шольцпен кездескен екен. Түркия президенті ондағы баспасөз мәслихатында  әлемдік қоғамдастықтың барлық мүшелері Таяу Шығыста әділ және берік бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, 13 мың палестиналық қаза болған. Арасында балалар, әйелдер, қарттар бар.

«Израиль мыңдаған палестиналықтарды өлтіріп, ауруханаларға, халық көп шоғырланған орындарға шабуыл жасады. Мен мұсылман ретінде бұл жағдайға алаңдаулымын. Христиан ретінде бұл шіркеулердің жойылуына алаңдамайсыздар ма? Біз еврейлер, христиандар мен мұсылмандар арасында ешқандай айырмашылық жасамауымыз керек», – дейді Ердоған. 

Ердоған соның ертеңіне Түркияның Ұлттық студенттер одағының 62-ші Бас ассамблеясында сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Газа аймағының тұрғындарын  қуғын-сүргінге ұшыратқаны үшін Түркия Израильді сотқа беретінін айтты. Бұл үшін Түркия 2 мың адвокат жалдайды екен. Сол жиында Ердоған Германиядан қандай әсермен оралғанын айтты.  

«Бүкіл Батыс әлемі мен крест жолындағы империалистік құрылымның сөзі бір. Өкінішке қарай мен мұны Германияға сапарымда көрдім», – деді ол.

Түркия басшысы Германияны тұтқындағы палестиналықтарды босатуға қолдау білдіруге шақырған. Ердоғанның сөзінше, Израильде кепілдікте 10 мыңдай адам бар. Оларды босатуға Германия қолдау білдірсе, Түркия ХАМАС кепілге алғандарды босатуға күш салатыны Ердоған тарапынан айтылған. 

Түркия президентінің пікірінше, егер АҚШ пен Еуропаның қолдауына ие болған террорлық ұйымдар адамдарды өлтіре беретін болса, онда әлемде тәртіп болмайды. Түркия Газа аймағындағы жаралыларды, оның ішінде ота жасалуы тиіс адамдарды алып шығып аман алып қалудың әрекетін жасап жатыр екен.

Бірер күн бұрын «Вашингтон Пост» басылымында АҚШ президенті Джо Байденнің мақаласы басылды. Мақаласында Ресей президенті Владимир Путин мен ХАМАС құрылымының соғысу әдістері мен мүдделері ұқсас екенін жазған. ХАМАС-тың Израильді, ал Путиннің Украинаны жойып жіберуіне АҚШ жол бермейді дегенге келтірген. АҚШ президентінің пікірінше, әлем алдағы ондаған жылдардың болашағын анықтайтын бетбұрыс кезеңіне таяды.

Мақаланың Таяу Шығыстағы соғысқа арналған тұсында АҚШ Израильді қолдайтынын, сонымен қатар палестиндіктердің өз мемлекеті болуға құқығы бар екеніне тоқталған. Ол Газа секторында бейбіт палестиндіктердің қазасына қатты қайғыратынын да жазған. Байден палестиндіктерге күш көрсетуге атсалысқан Израиль тұлғаларына санкция салынатынын да айтыпты.

Байден Украина туралы ойларын да жазған. Украинаны қолдау – АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне салынған инвестиция деп келтірген. Оның сөзінше бұл – Еуропада соғыстың ушығуының алдын алады. Сонымен қатар ол еврейлерді жек көрушілікті айыптайды. «Әлем қауіпсіз әрі еркін болады деген ойдан үміт үзбейік», - дейді АҚШ президенті. 

Массаждың орнына интимдік қызметтер: үш Өскемен тұрғыны жауапқа тартылды -42 градус аяз: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды Ақтөбедегі зауытқа 9,2 млрд теңге инвестиция тартылған Қазақстанда екпе алмаған балалар күн сайын қызылша ауруын көптеп жұқтырып жатыр – ДСМ Қызылордада көліктен 700 АҚШ долларын, банк карталарын қолды қылған күдікті ұсталды Жастар тәрбиесіне кері әсер ететін теріс идеологиядағы фильмдер қауіпті - Ринат Зайытов Елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін – БАҚ Қазақстан цифрлық құралдар арқылы тіркеуді жеңілдету бойынша ХААҰ (ICAO) бастамаларын қолдады Елімізде енді Johnson & Johnson тәуелсіз жергілікті заңды тұлға ретінде жұмыс істейді "9 ай бойы көпшіліктен жасырып келдім". Блогер Фариза Төреәлі қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бізге өзіміздің ұлттық LLM-ді құру керек – Бағдат Мусин Шымкентте борышкер жүргізушілерден 20 млн теңге өндірілді "Той үстінде қонақтардың көзінше ұрып тастаған". Күйеуінен 17 жыл қорлық көрген әйел биыл ғана ажыраса алған Салтанат Нүкенованың туыстары қылмысқа қатысты жаңа деректер айтты «Мінезім басқаша болар ма еді». Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы айтты COP28 кездесуі нәтижесінде орман шаруашылығына инвестиция құйылмақ Заманауи мектептер баланың дамуына барынша ыңғайлы болуы тиіс - STEM Academia "Өзін қожайын сезінген екінің бірі тонап жатыр": Депутат базар саудагерлерінің мәселесін көтерді 2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады Қазақстан және АҚШ ғылым қорларының ынтымақтастық перспективалары