Орыс әлемі: Ресей билігі бөтен елдерде орыс мектептерін көбейтпек

21.11.2023, 14:51
710
Орыс әлемі: Ресей билігі бөтен елдерде орыс мектептерін көбейтпек canva.com

Орыс билігі орыс тілінің қолданылу аясын мейлінше кеңейтуге кіріскен сыңайлы. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ресейге бұл үшін ең қолайлы аумақ бұрыннан үйреніскен ТМД елдері. Орыс тілін өзге елдерге тықпалауды Ресей президентінен бастап ірі шенеуніктер, саясаткерлер қолға алған десе де болады. Ал бұған әр ел әртүрлі қырынан қарайды. Қарсы тұрып жатқандар да жоқ емес. 

Жақында Ресей президенті мемлекеттік сапармен Астанаға келгені белгілі. Сол сапарында орыс билігі өзге мәмілелердің қатарында Қазақстан жерлерінде таза орыс мектептерін ашу мәселесін де алдымызға көлденең тартты. Қазақстан жерлерінде Ресейдің ақшасына орыс мектептерін ашудың егжей-тегжейі әзірге пысықталмағанымен, бұл жөніндегі келіссөздер бастау алды деп жатыр. Яғни бастапқы қадам ретінде Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының аумақтарынан Ресей бюджетінің есебінен бір-бір орыс мектебін ашу жайлы бастама бар. Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі де, өзге ведомстволар мен ұйымдар да бұл шараға қарсылық білдіріп жатқан жоқ сияқты. Ал Оқу-ағарту министрлігінің қолдау білдіргені аңғарылады. Министр Ғани Бейсембаев мұнда ешқандай саясат пен насихат жоқ  әрі сабақ біздің білім стандартымызға сай болады, алаңдайтын ештеңе жоқ дегенге келтіреді. Министрдің айтуынша, ол мектептерде орыс тілі тереңдете оқытылады, сабақты Ресейден келген мұғалімдер жүргізеді.

Орыс мектептері Тәжікстанда да ашылып жатыр. 2022-ші – 2023-ші оқу жылының басында Тәжікстанда сабақтар таза орыс тілінде оқытылатын бес жаңа мектеп пайдалануға беріліпті.

Орыс мектебі жөніндегі мұндай мәселе көрші Өзбекстанның да алдынан шыққан. Алайда Өзбекстанның депутаттары және басқа саясаткерлері бұған мүлде қарсылық көзқарастарын білдірді. Өзбектер тіпті мұндай бастаманы көтеріп жүрген Ресей Госдумасының депутаттарының аттарына қатты сөздерді айтып сынап та жатыр.

Жақында Госдуманың Петр Толстой  деген депутаты, өзі жағымсыздау адам, мигранттардың табысы есебінен Өзбекстан мен Тәжікстаннан орыс мектептерін салдырайық деген мәселе көтерді. Госдумада «Орыс тілін сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясаттың жағдайы, проблемалары және шешу жолдары» деген атпен парламенттік тыңдау өткен. Петр Толстой КСРО-ның бұрынғы республикаларында орыс мектептерін салу мәселесін осы жиында көтерген. Оның пікірінше, осы күні орыс тілі халықаралық тіл ретінде Беларусьта, Қазақстанда және Қырғызстанда ғана қолданылады. Петр Толстой КСРО-ның бұрынғы республикаларында орыс мектептерін көбейтейік, ол елдердегі орыс мектептерінің мықты жүйесін жасап, дамытайық дегенді айтқан. Депутат орыс балабақшалары мен орыс мектептерін Ресейдің есебінен емес, мигранттардың Ресейде жұмыс істеп, тапқанын елдеріне жөнелтіп жатқан ақшаларының есебінен сол елдердің өздері салып алсын депті.

Өзбекстан саясаткерлері Госдума депутатының мұндай сөздеріне қарсы тұрып жатыр. Өзбекстан Парламентінің Бобур Бекмуродов есімді депутаты:

«Өзбекстан Петр Толстойдың ауласы емес. Ол өз елі мен азаматтарының проблемасымен айналыссын. Өзбекстанда орыс тілі еркін қатынас тілі. Біз одақтас елдің мәртебесіне саймыз, ал Толстой бұған сай емес», – деп мәлімдеді. 

Парламент төрағасының орынбасары, Әлішер Қадыров есімді депутат та қарсылығын айтты.

«Олай болса біз Тостойға жауап ретінде өзбекше білмейтін қызметкерлеріміздің бәрін жұмыстан босатайық. Біз басқа жолмен жүрейік, білмейтіндерге өзбекшені үйретейік», – деді ол.

Ресейде істеп жүрген өзбек мигранттары үшін балаларын мектепке орналастыру үлкен проблема деп жатады.  Өзбекстан президенті әкімшілігінің жастар саясаты департаментінің Қахрамон Құрбанбаев есімді меңгерушісі Госдума төрағасының Владислав Даванков деген орынбасарымен кездескен. Сонда өзбек шенеунігі өзбек диаспорасының есебінен Ресейде Өзбекстан мигранттарының балалары үшін балабақшалар мен мектептер салуға қолдау білдіріңіз деп сұраған екен. Бұдан кейін «Говорит Москва» радиосында сөйлеген сөзінде Госдуманың Михаил Делягин деген депутаты Өзбекстан шенеунігінің мигранттарға арналған балабақшалар мен мектептер салу әрекеті мүлде заңсыз деп шықты. Оның пікірінше бұл – Ресей азаматтарын екіге бөлу. Оның алдында Тәжікстан жағы да тәжік мигранттары үшін медициналық орталықтар ашуды сұраған екен. Оларға да рұқсат бермепті. Мұнда да Ресей азаматтарын екіге бөлу деп қарастырған екен. Госдума депутаты Михаил Делягин Өзбекстан балабақша мен мектепті өз жерінде салсын, мигранттар вахталық тәртіппен ғана келіп кетіп жұмыс істесін, отбасы мен балаларын Ресейге әкелмесін дегенге келтірген. Оның ойынша бөтендердің барып  жайғасуы –  Ресейді құлатып, жоюды мақсат еткен саясат, бұл алдымен бөтендердің, одан кейін дұшпандардың ұясы.

Өзбекстан депутаты Бобур Бекмуродов кез-келген елдің сырттағы өз азаматтарына жағдай жасауға ұмтылуы дұрыс нәрсе екенін, мигранттар Ресейдің экономикасына қыруар пайда келтіріп жатқанын, Ресей оларды бағып отырмағанын, керісінше, пайдаланып отырғанын айтты. Ол Ресей саясаткерлерінің мұндай сөздерінен кейін Ресеймен қарым-қатынаста аса қырағы болмасақ қиын екен деген сыңай танытты.

«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген