Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі үшін тапсыратын емтиханнан құлауы жиілеп кеткен

21.11.2023, 16:11
732
Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі үшін тапсыратын емтиханнан құлауы жиілеп кеткен stan.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Арман Кенжеғалиев жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды сәтті тапсырғандар саны үш есеге азайғанын айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Үкімет отырысында Кенжеғалиев жүргізуші куәлігін беру үдерісінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жиі кездесетінін айтты. Оның сөзінше, биылғы жылдың тоғыз айында 1,3 млн жүргізуші куәлігі берілген.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басшысы ашықтықты қамтамасыз ету үшін теориялық емтихан тапсыру процесі қайта қаралғанын жеткізді.

“Ағымдағы жылдың 16 қазанынан бастап жол қозғалысы ережелері 3.0 жаңартылған ақпараттық жүйесінде теориялық емтихан тапсырылды. Енді теорияны тапсыру үшін биометриядан өту қажет, бүкіл процесс аудио-бейне жазбамен сүйемелденіп, автоматтандырылған тексеру жүйесі енгізілді. Жүргізуші куәлігін алуға өтінімдерді қалыптастыру кезіндегі барлық ақпарат ақпараттық жүйелерден алынады”, – деді Кенжеғалиев.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін онлайн және қашықтықтан оқыту форматы тоқтатылады

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережелері өзгерді
Сонымен қатар ол YouTube арнасында және арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының күту залдарында емтихан барысы туралы онлайн трансляция жүргізіліп келетінін жеткізді.

“Жаңашылдықтардың арқасында теориялық емтиханды үздік тапсыратындардың орташа саны үш есеге азайды. Әрбір факті бойынша шаралар қабылданды: емтихан нәтижелері жойылды, тартылған қызметкерлер жауапкершілікке тартылды, тиісті материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберілді”, – деп қосты Арман Кенжеғалиев.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)