"Әйел барса, ат сүрінеді": Халық әнші Мейрамбек Беспаев ұйымдастырған көкпарды көруге барған әйелдерді сынады

21.11.2023, 16:48
3385
"Әйел барса, ат сүрінеді": Халық әнші Мейрамбек Беспаев ұйымдастырған көкпарды көруге барған әйелдерді сынады el.kz

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев туған жері Тараз өңірінде көкпар тойын ұйымдастырды. Дүбірлі додаға өнер жұлдыздарымен қатар елімізге белгілі шабандоздар қатысты. Алайда көкпар алаңында жүрген қыз келіншектерді халық аямай сынады.

Ел арасында көкпар ойынына әйелдерді баруы жаман ырым саналған. Алайда шабандоздарға жанкүйер болып барғандардың арасында өнер жұлдыздарының жұбайлары да бар. Атап айтсақ: Мейрамбектің әйелі Мархабат, Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара, әнші Диана Исмаил, продюсер Айман Нұразхан бар. 

“Аллаға шүкір, тарихта қалатын көкпар болды. Атсалысқан барлық достарымызға алғыс айтамын”, – деді Мейрамбектің әйелі Мархабат. 

“Мейрамбек ұйымдастырған көкпарды тамашалап қайттық. 20 мыңға жуық көрермен жиналды. Ұлттық нақышты дәріптейтін той болды. Өзіміз де ұлттық киімдерімізді киіп бардық”, – жазды Айман Нұразхан. 

Мейрамбек Беспаевтың өзі жеке парақшасына жазба жариялап, көкпарды ұйымдастыруға мұрындық болған жандарға алғыс айтты. Жүлде қоры 25 миллион теңгеге жуықтаған көрінеді.

“Мен үшін боладысы да ,болғаны да қызық болған көкпарда аяғына жетті. Уақыт тауып келген, көрген, қатысқан,тілекшім болып қасымнан табылған жандардың пікірін естіп, көңіл жайланып жатқан жайы бар. Ең алдымен алғыстың үлкені өздеріңізге. Шу дегеннен салым қазанын толтырып тастап,одан қалса бар қонағымды күтіп, көкпар дейтін аламанның шып-шырғасын шығармай еңбек қылған тілеулестерімнің аты-жөні осы бетке сыймай қалғалы тұр. Сол үшін баршаңызға түгел басымды идім. Осы жолы көкпардың қаншалықты мазмұнды-мағыналы екенін және бұл дәстүрдің қалтарыс-бұлтарысын сезініп толқығаным рас. Ат баптаушы мен палуанның сырт көзге көріне бермейтін шексіз бейнетіне куә болдым. Тарқата берсең таусылмайтын сан тарау машақат не үшін керек болды дейсің?. Айналып келгенде дәстүрін құрметтеген,ата жолынан айнымайтын,қаракерін қамшылап, айбозымен арқаланып додаға тартқан азаматтардың өлшеусіз еңбегіне сүйінесің. Сол үшін тұлпар ұстап, палуан баптаған ағайынға мың алғыс”, – деп жазды әнші. 

Алайда халық көкпарға барған әйелдерді сынады. Желі қолданушылары, “Көкпарға әйелдер бармайды”, “Шілдехана, қырқынан шығаруға ер адамдар бармайтыны секілді көкпарға да әйелдер шақырылмаған”, “Әйелдердің көкпарға баруы ырымға жаман” деп сынап жатыр. 

Массаждың орнына интимдік қызметтер: үш Өскемен тұрғыны жауапқа тартылды -42 градус аяз: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды Ақтөбедегі зауытқа 9,2 млрд теңге инвестиция тартылған Қазақстанда екпе алмаған балалар күн сайын қызылша ауруын көптеп жұқтырып жатыр – ДСМ Қызылордада көліктен 700 АҚШ долларын, банк карталарын қолды қылған күдікті ұсталды Жастар тәрбиесіне кері әсер ететін теріс идеологиядағы фильмдер қауіпті - Ринат Зайытов Елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін – БАҚ Қазақстан цифрлық құралдар арқылы тіркеуді жеңілдету бойынша ХААҰ (ICAO) бастамаларын қолдады Елімізде енді Johnson & Johnson тәуелсіз жергілікті заңды тұлға ретінде жұмыс істейді "9 ай бойы көпшіліктен жасырып келдім". Блогер Фариза Төреәлі қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бізге өзіміздің ұлттық LLM-ді құру керек – Бағдат Мусин Шымкентте борышкер жүргізушілерден 20 млн теңге өндірілді "Той үстінде қонақтардың көзінше ұрып тастаған". Күйеуінен 17 жыл қорлық көрген әйел биыл ғана ажыраса алған Салтанат Нүкенованың туыстары қылмысқа қатысты жаңа деректер айтты «Мінезім басқаша болар ма еді». Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы айтты COP28 кездесуі нәтижесінде орман шаруашылығына инвестиция құйылмақ Заманауи мектептер баланың дамуына барынша ыңғайлы болуы тиіс - STEM Academia "Өзін қожайын сезінген екінің бірі тонап жатыр": Депутат базар саудагерлерінің мәселесін көтерді 2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады Қазақстан және АҚШ ғылым қорларының ынтымақтастық перспективалары