"700 адам дәм татты". Роза Әлқожа ұлының тойын дүркіретіп өткізді

22.11.2023, 10:07
3057
"700 адам дәм татты". Роза Әлқожа ұлының тойын дүркіретіп өткізді roza_alqozha

Танымал әнші Роза Әлқожа ұлы Бейбарыс Қабаны үйлендіріп, думандатып той жасады. Әнші тойда болған қызықты сәттерімен бөлісті

Әншінің желідегі жазбасында тойға 500 адам келеді деп жоспарланған. Алайда, қонақтардың саны 700-ге жеткен. 

Ешкімнен ештеңе дәметпей, бергендерге береке тілеп, әкелгендерді сандыққа сүңгітпей, несібесі деп қарап неше күн тойлаттық. Беташарды бөлек, құдалықты үйде, тойды өз алдына жеке өткіздік. Жоспарланған бес жүз адамның орнынан жеті жүз адам дәм татты! Айтайын дегенім - мен өз уақытында өз ортасында жүре алмаған, көшке кеш қосылған өнерпазбын ғой. Беташарда асаба болатынын ойламапын. Әнші керегін де аңғармағанмын. Әбдіжаппар өзі іштей ұғынды-ау деймін, үнсіз бәрін реттеді. Тойда да нағашысының ниеті биледі. Мен өзім күткен екі әнші келмеді. Алланың бұйрығы деп "қолды жібере салғанмын!, - деп жазды Роза Әлқожа.

Осы орайда ол өзінің інісі Әбдіжаппар Әлқожаға алғысын білдірді.

Осы жазбамда арнайы ініме алғыс айтқым келді. Оның достарына рахмет! Ерлан Төлеутай, Сәуле Жанпейісова, Мирас аға мен Құралай әпке бастап, Заттыбек ағам қыздырған тойды Қайрат пен Төреғали, Ғазизхан мен Нұрболат көтеріп кетті. Алла разы болсын! Нұрбол Пайызов досым сөзден жаңылмай сауатты бастаған тойды Ерасыл мен Ертай көңілдендіріп, көркемдеп берді. Нұржан Аташ бастаған жігіттер өз тойында жүргендей қызметте болды. Үлкен мен ортаның ортасы кішінің қуанышын солай атқардық. Бар жанашыр, тілеулеске тәңір еселеп берсін, - деп жазды өнер иесі.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды