Астанада аялдаманың әйнегін сындырған кезекті күдікті ұсталды

22.11.2023, 10:59
596
Астанада аялдаманың әйнегін сындырған кезекті күдікті ұсталды Polisia.kz

Қазақстанда қауіпсіз қоғам құруға бағытталған “Құқықтық тәртіп” кең ауқымды операциясы жалғасуда. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ішкі істер ведомствосының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ең алдымен профилактикалық сипаттағы алдын алу шараларына аса мән беріледі.

Саяжайлар, құрылыстар, базарлар, жалдамалы пәтерлер жіті тексеріледі. Түрлі құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарға мүлдем төзбеу қағидаты басты назарда. Жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші күні еліміз бойынша 17,5 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 700-ге жуығы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында, 40-қа жуығы бөтеннің мүлкін зақымдану фактісі, екі мыңға жуығы жалпы пайдалану орындарын ластауға қатысты, 500-ге жуығы тыныштықты бұзу фактісі. Көлік тізгіндеген 100-ден астам мас адам және жүргізуші куәлігінен айырылған 220 адам, іздеуде жүрген 18 қылмыскер ұсталды.

Бұрын жасалған 128 қылмыс ашылды. Мысалы, Астана қаласы полиция департаментінің полиция қызметкерлері аялдаманың әйнегін сындырған ер адамды ұстады.

Біржан сал көшесіндегі аялдама әйнегін белгісіз біреудің сындырғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Өткізілген іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қаланың 18 жастағы тұрғынын анықтады. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 147-1-бабы және 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылады. Аталмыш материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторында, - дейді  елордалық полиция.

Актер Шәріп Серік әйелін ұрғаны үшін емес, балағаттағаны үшін сотталған Алматыда жүргізуші ескерту жасағаны үшін тұрғын үй күзетшісін аяусыз ұрып тастады (ВИДЕО) Арқалықта зорлықшы деген күдікпен блогер ұсталды Қазақстандықтар сәуірде қанша күн демалады «Жаңбыр, тұман»: 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Біз жарақатты бірден таңдық»: ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды Су бар, бірақ жүйе қайда? Астанада Аutism Talks жыл сайынғы кездесу өтті «Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО) «Ақталғым келмейді»: актер өз әйелін ұрғанын мойындап, оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды Ақтөбеде ер адам трансформаторлар ұрлаған «4 машина, 4 пәтер, ғимарат»: Перизат Қайрат миллиардты қайда жұмсағаны туралы тізім жасалды «Анасы адвокат болғасын қорықтым»: танымал әнші Say Mo бұрынғы актер күйеуінен зорлық көргенін жайып салды «Құдайдан қыз болып оянуымды тіледім»: Атышулы Амилай балалық шағынан сыр шертті Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастар «елді сатып кетеді» деген жазбасын полиция тексеріп жатыр