"Белінің тамыры тартылып қалды": Актер концертке қатыса алмайды

22.11.2023, 14:25
6012
"Белінің тамыры тартылып қалды": Актер концертке қатыса алмайды Бейнежазбадан

“Өнер қырандары” театрының әртісі, отандық киноларда бой көрсетіп жүрген актер Жанболат Найзабековтің денсаулығы сыр берді. Сол үшін ол театрдың төрт концертіне қатыса алмайтынын айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Актердің айтуынша, аяғын баса алмай жүргеніне біраз уақыт болған

“Жанболат бауырымыз концертіміздің алғашқы сеансында белінің тамыры тартылып ауырып қалды. Содан жедел жәрдем шақыртып, емханаға барып укол салдыртып қайтты. Келесі күнгі сеанстың алдында белі тағы ауырып қалды. Содан Ақтөбе қаласы Родниковка аулының мешіттің имамы Айбек ұстазымыз кешімізге келіп қалған екен. Сол мүмкіндікті пайдаланып ұстазымызды шақыртып Жанболатқа дем салды”, – деп жазды театрдың жеке парақшасының админі.

“Мен қазір ештеңе ойлап тұрған жоқпын. Тек сахнада сөздерімді айтып шықсам екен деп тұрмын. Екі аяғым бастырмай тұр. Әрең шыдап жүрмін. Грыжа деген диагноз қойған. Театрымыз дәл қазіргі уақытта гастрольде жүрген болатын. Төрт концертіне қатыса алмайын деп тұрмын. Бұл пранк емес. Денсаулықпен ойнауға қорқамын. Сахнада концерт өтіп жатыр,  мен сахна сыртында жедел жәрдем шақырып жатырмын. Екі кештің ортасында ауруханаға барып келдім”, – деді актер. 

Желі қолданушылары сүйікті актеріне денсаулық тілеп жатса, енді бірі жанашырлық ниетпен сынықшылардың парақшасын белгілеп, сол жаққа жол сілтеп жатыр. Бір оқырманы “Емші деген бұл жігіт үшін шайтан, оған бармайды” деп еді, Бағдагүл есімді сынықшы: “Сынықшы шайтан болса, келме! Жан керек болса, келесің. Қара халықпен бірге ұзын-сонар кезекте тұрасың. Күніне 100 адамның жүйке тамырын дұрыстап, омыртқасына орнына салып беріп жатырмыз ұйқылы-ояу отырып-ақ”, – деп жауап қайтарды. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды