Отадан кейін оянған Фариза Төреәлі диагнозы туралы мәлімдеме жасады

22.11.2023, 15:01
4892
Отадан кейін оянған Фариза Төреәлі диагнозы туралы мәлімдеме жасады farizatoreali

Түркияда ота жасатқан Фариза Төреәлі сүйінші жаңалығымен бөлісті. Ол дәрігерлердің диагнозды жоққа шығарғанын айтып, сол сәттегі фотомен бөлісті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Алла мені құтқарды. Оның бұйрығымен дерт жоққа шығарылды. Елде қауіпті ісік бар екеніне болжам жасаған. Ісік поджелудокта, одан таралып өкпеге кеткен деген… Ешбір маман ештеңе айта алмады. Түркияға келіп ең мықты деген клиника мен дәрігерлерге тексерілдік. Биопсия алдымен ішектен алынды, одан соң операциямен өкпені тексеру үшін кеудені тесті. Алла ұлық, бәрі таза!

Әлі шок күйіндемін.. бұны басынан өткізген адамдар ғана шын түсінер.

Адам ертеңгі күні өзін не күтіп тұрғанын тіпті біле алмайды. Бірнеше апта ішінде өмірім осылай өзгеріп кететіндігін еш ойламаппын. Алланың ең үлкен хикметінің бірі де осы шығар, маған көп нәрсені ұғындырды! Бәлкім басынан өтпеген адам түсінбес, бірақ мұсылман әрдайым әр күнін “соңғы күн” секілді сүруі керек екен дер едім. Бұл ақиқат.

Аудиторияма басынан бастап бөліскенімнің себебі де осы. Жасырып, ешкімге айтпау да ойда болған, бірақ жария етуді Алла жүрекке салып қойды. Сондағы ойым қауымға ескерту, мені себепші етіп Алла қаншама адамға саналы өмір сүруді, парыздарын толықтыруды, иманын күшейтуді, ақиқатты және мәңгі өмірге дайындалу керектігін еске салып жатыр!

Мен үшін тоқтаусыз дұға еткен, тахаджутке тұрған, тіпті Меккеде жүрген жандардың дұға етуін сұраған әр оқырманыма миллиондаған жақсылық тілеп отырмын. Құлазығанда көңілімді көтеру үшін жазған әр хаттарыңыз үшін Раббым еселеп сауап жазсын. Қиын сәтте адамды жұбату өте үлкен сауап екен дінімізде.. Әр оқырманымды шынайы жақсы көремін.

Енді Фариза өмірге бұрынғыдай қарамайды," - деп жазды блогер. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды