БҚО-да екі жасөспірім қарт адамды тонап кеткен: күдіктілердің бірі жәбірленушінің немересі болып шықты

22.11.2023, 15:59
1810
БҚО-да екі жасөспірім қарт адамды тонап кеткен: күдіктілердің бірі жәбірленушінің немересі болып шықты polisia.kz

БҚО-да екі жасөспірім қарт адамды тонап кетті. Күдіктілердің бірі жәбірленушінің немересі болып шықты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр

Қарашаның 16-сы күні сағат 21:40-та Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімінің кезекшісіне үрейі ұшқан әйел қоңырау шалып, белгісіз біреулер оның әкесіне шабуыл жасап, қалтасындағы ақшасын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Дабыл бойынша полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Оқиға орнына бара жатқан жолда учаскелік полиция инспекторы жол бойында екі жігітті байқайды, бірақ жігіттер полиция қызметкерінің оларға қарай бет алғанын байқап, қашып кетеді.

Алайда полиция қызметкері біреуін танып үлгереді. Оқиға орнына жеткен полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізу барысында белгісіз екі жігіттің егде жастағы ерлі-зайыптылар тұратын үйге кіріп, ер адамға дене жарақатын салып, оны тонап, 190 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлап кеткенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері 18 және 17 жастағы екі жігітті Дариян ауылында қолға түсірді. Оның бірі жәбірленушінің өз немересі болып шықты.

"Жауап алу кезінде тонауға барған екі жігіт сол күні Орал қаласынан Дариян ауылына қайтып келе жатқан жолда бірі-бірімен кездесіп, жәбірленушінің немересі қызға сыйлық сатып алу жоспарын досымен бөліскенін және және бұған досы да келісе кеткенін жеткізді, - делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

Ауылға жеткен жігіттер күдіктінің атасы мен әжесі тұратын үйге қарай бет алады. Немересі әжесінің сол уақытта жұмысқа кететінін алдын ала білген. Әйелдің жұмысқа кеткенін күткен немересі үйге терезе арқылы еніп, досының сыртта қалуын өтінеді. Үйге кірген ол ақша іздей бастайды, алайда атасы бөлмеге кіріп, шкафқа тығылып үлгереді.

Кенет атасы біреудің жүргенін байқап, сөйлей бастайды. Осы кезде немересі досына телефон арқылы ішке кіруін сұрайды. Жүгіріп сыртқа шыққан атасының басына сүлгіні лақтырады, жерге жығып құлатып, қалтасындағы ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалайды.

"Оларды ұстау кезінде бірінің, яғни 18 жастағы күдіктінің қалтасынан тапанша және жиналмалы пышақ, ал 17 жастағы немересінен ұрланған ақша табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды