669

ШҚО-да Экология департаменті басшысының орынбасары ұсталды

ШҚО Экология департаменті басшысының орынбасары жемқорлық үшін әшкереленді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

ШҚО-да Экология департаменті басшысының орынбасары ұсталды
canva.com

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстың Экология департаменті басшысының орынбасарын әшкереледі.

Антикор мәліметінше, ол ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы 4-бөлігі (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша өңірдегі кәсіпорындардың бірін әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.