Хромтауда 1 миллион теңгелік мыс кабельді ұрламақ болғандар ұсталды

22.11.2023, 18:32
374
Хромтауда 1 миллион теңгелік мыс кабельді ұрламақ болғандар ұсталды Polisia.kz

Хромтауда кеншілер жұмыс орнынан құны 1 миллион теңгелік мыс кабель ұрламақ болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

19 қарашада түнгі мезгілде Хромтау ауданының 4 тұрғыны осы аудан аумағында орналасқан кен-байыту комбинаты филиалының аумағында орналасқан мекемеден ұзындығы 10 метр болатын мыс кабельді жасырын ұрламақ болған. Олардың екеуі осы мекеменің кеншілері екені анықталды.

Екі кенші өздерінің таныс жүргізушілерімен алдын ала келісіп, жұмыс орнынан мыс кабельді ПАЗ қызметтік автобусқа тиеп алып шығуға тырысқан. Алайда жұмысшылардың заңсыз әрекетін уақтылы байқаған күзет мекемесінің қызметкерлері оларды ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Ұрлыққа оқталу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілерден құны 1 миллион теңгені болатын мыс кабель тәркіленді. Олар кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады