"Екінші әйелімнің қатысы жоқ": Абай Бегей оқушы қызының орамал тағуына қатысты пікір білдірді

24.11.2023, 14:34
5217
"Екінші әйелімнің қатысы жоқ": Абай Бегей оқушы қызының орамал тағуына қатысты пікір білдірді stan.kz

"Қызым жылап қалды" дейді әнші.

Белгілі әнші Абай Бегей отбасы мен бала тәрбиесі туралы сыр шертті. Жақында орамал таққан ортаншы қызы Сымбаттың әрекетін қолдайтынын Urpaq подкастына барғанында айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Айтуынша, екінші анасы 13 жастан бері орамал тағып, намаз оқыған.

“Менің Сымбат қызым орамал таққысы келеді. Өзі намаз оқиды. Соған фотосының астына неше түрлі негатив пікір жазады. “Бүркеніп алыпсың”, “Екінші қатыны орамал таққасын, бала-шағасы дінге кіріп кетті”, “Арабқұлға еліктеп” деген жағымсыз пікір өте көп. Қызым ондай ауыр сөздерді көтере алмай, жылап қалып жүрді. Оны көріп, кішкене тоқтата тұрдым. Жұрттың қаңқу сөзі басылсын, содан кейін ақырындап қадам жасап келерсің деп ақылымды айттым. Өзімнің арманым қыздарым мен ұлдарымды тәрбиелі етіп өсіргім келеді. Әкемнен алған тәрбиені балаларыма мұра етуді көздеймін. Өмір бар жерде өлім бар. Дүниеден өтіп кеткенде артымда қалған ұрпақтарымның есінде берген тәрбиеммен қалғым келеді”, – дейді әнші. 

Сонымен қатар әншінің оқырмандарына өкпесі қара қазандай. Өте көп жағымсыз пікір жазатын тыңдармандарына ренжулі.

“Менің екінші рет шаңырақ көтергенімнен бастап бүкіл өмірім ел алдында өтіп жатыр. “Әйелінің өлгенін күткендей екінші рет үйленіп алды”, Балаларыңның сенен кеткені дұрыс болды”, “Оранған әйелі қыздарын дінге тықты” деген сөздер өте көп айтылды. Қазір де айтылып жатыр. Екінші рет шаңырақ көтергенде екі жылдай үлкен қызым Гүлеркемен араласпай қалдым. Дауысын естіп, бір көруге зар болып қалған кезім болған. Марқұм әйелімнің төркінімен де араласпадым. Сол кезде өте қатты қиналдым. Танылып қалған кезің, әнің хит болып жатыр. Мына жақта адамдардың сөзін көтере алатын емессің. Сондай ауыр кезеңнен өттім. Содан кейін фотомның астындағы пікірлерді оқымаймын. Неше түрлі сөз жазып, тіпті біреу “малсың” деп те жазып жіберген. Ол адамды мүлдем танымаймын, жүздеспегенмін. Өзіне зияны тимеген адамға сондай ауыр сөз жазу дұрыс емес”, – дейді әнші.

Балаларды кафель еденге ұйықтатқан балабақшаның видеосын көру үшін сілтемені басыңыз: Smart News телеграм арнасы

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады