"Араларыңнан бір жігіт табылмағаны ма": Қуат Хамитов футболшыларға үндеу жолдады

24.11.2023, 15:46
1191
"Араларыңнан бір жігіт табылмағаны ма": Қуат Хамитов футболшыларға үндеу жолдады instagram/kuat_khamitov

"Бәрің ауылдан шығарсыңдар" дейді боксшы

Ережесіз жекпе-жектен әлемнің 3 дүркін чемпионы Қуат Хамитов өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында қазақстандық футболшыларға үндеу жолдады. Бұл туралы kaz.nur.kz сайты жазды.

 "Жігіттерге айтарым бар. Мен осы футбол тақырыбын 2016/17 жылдан бері көтеріп келе жатырмын. Сол кездерден бері араларыңнан бір ердің шықпағаны ма? Бүкіл футбол қауымдастығынан? Бәрің ауылдан шығарсыңдар, елде жағдай нашар екенін көріп жүрсіңдер ғой. Ауылдарда жол, медицина, аурухана, жедел жәрдем көлігі жоқ, не жұмыс жоқ. Жастар қандай іспен айналысарын білмейді", – деді Қуат Хамитов.

Қуат Хамитовтың айтуынша, футболшылар алып отырған жалақыларын ақтамайды және спорттағы жетістіктері де жоқ.

"Енді осы футболшылардың арасынан осы күнге дейін бір адам "жігіттер халықтың ақшасын алғанды тоқтатайық, 30 жылда футболға 1,5 миллиард ақша кетті. Көрсетіп жатқан нәтиже жоқ. Не бір жарыс ұтпадық. Әлемдік рейтингте 99-100-орында тұрмыз. Халықты тонағанды тоқтатып, демеушіні өзіміз тауып, шамамыз келгенше өзіміз нәтиже көрсетейік" дейтін бір жігіт шыға ма деп күтіп едім!", – деп пікірін айтты спортшы.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды