Ақжарқын Тұрлыбай ісі: қылмысқа күдікті адамды Нигерия елі бермей отыр

24.11.2023, 18:57
2459
Ақжарқын Тұрлыбай ісі: қылмысқа күдікті адамды Нигерия елі бермей отыр tengrinews.kz

Есірткі тасыды деп Қытайда өмір бойына сотталған қыздың ісі не болды?

Smart News хабарлауынша, 2014 жылы есірткі тасымалдады деп Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай ісіне қатысты тергеу ісінде өзгеріс жоқ. Отандасымызға зат тасымалдасын деп ақша ұсынған нигериялық азамат Қазақстанға экстрадицияланбай жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Бас прокуратура Тұрлыбайға киім деп есірткі беріп жіберген адамның Нигерияда қамауға алынғанына бір жарым жылға жуық уақыт өткенін мәлімдеді. Оны Алматы полициясы тергеп жатыр.

Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортунаға қатысты "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз алу, сақтау, тасымалдау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оны экстрадициялау туралы сұрау дипломатиялық арналар арқылы Нигерияның құзырлы органдарына жіберілді”, – деп мәлімдеді бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Одан 4 келі есірткі табылды. Сол үшін оған есірткі контрабандасы үшін айып тағылды. Бұл Қытайда өте ауыр қылмыс боп саналғандықтан, 20 жастағы бойжеткен өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Ақжарқынның қорғаушысы оның нигериялық есірткі мафиясының құрбаны болғанын мәлімдеді. Айтуларынша, оған нигериялық жігіт Қытайға бір сөмке бренд киім-кешегін тасымалдауды сұраған.

Адвокаттар қыздың Қазақстанға оралуын талап еткенімен, Қытай соты шешімді өзгертпей, айыпталушыны беруден бас тартты. Ол жазасын Қытай түрмесінде өтеп жатыр. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады