4145

"Медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермейледі" деген ақпаратқа ҚМДБ жауап берді

Дін оқытылатын жерде жыныстық қатынасқа түседі деген рас па?

"Медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермейледі" деген ақпаратқа ҚМДБ жауап берді
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде "Қазақстандағы медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қарым-қатынасқа итермелейді" деген мазмұнда пікір таралып жатыр.

ҚМДБ бұл ақпаратқа қатысты Instagram-дағы ресми парақшасында жауап берді.

"ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайтынын мәлімдейміз. Мұндай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз және халықты білместікпен теріс ақпарат таратпауға үндейміз", - делінген хабарламада.

Материал авторы