991

СҚО ауылдарында бір аптадан бері жарық жоқ

Өткен сенбідегі бораннан бері жарық қайта қосылмаған.

СҚО ауылдарында бір аптадан бері жарық жоқ
tengemonitor.kazgazeta.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдар апта бойы жарықсыз отыр. Бұл туралы QazaqstanTV арнасы айтты.

Өткен сенбідегі бораннан электр сымдары үзіліп, бағандар құлаған. Салдарынан 183 елді мекен жарықсыз қалды. 

Кей аудандарға электр қуаты Ресей мен Ақмола облысынан тасымалдануда. Мамандар жарықты қосуға құбылмалы ауа райы кедергі келтіріп жатқанын айтады.

Өңірдегі электр сымдарының 95 пайызы ескірген. 

Материал авторы