"Жүкті әйел болған": Шымкентте екі автобус жарысып апатқа ұшырады

25.11.2023, 11:57
979
"Жүкті әйел болған": Шымкентте екі автобус жарысып апатқа ұшырады видеодан алынған кадр

"Апаттан көзім қарауытып кетті" дейді зардап шегуші

Smart News басылымының хабарлауынша, Шымкентте екі автобус соқтығысып, оннан астам адам жарақат алды. Жол апатына қоғамдық көліктердің жарысуы себеп болған. Бұл туралы КТК арнасы айтты.

146-да отырған едім, бағдаршамда бұрылып тоқтады, адам түсірді. Бір адам шықты, екіншісі үлгермеді. Арт жақтан автобус келіп соқты. Екеуі жарысқан дей ме, білмеймін ғой. Апаттан көзім қарауытып кетті. Қатты соғылдым, жанымда адамдар ұшып жатты ғой, құлап жатты, - дейді зардап шеккен жолаушы Бибіажар.

Оқиға қаланың әкімшілік іскерлік орталығында болды. Күндізгі сағат 11 шамасында қос автобустың ішінде жолаушы көп болмапты. Адамдарды түсіріп тұрған көліктің артына соғылған автобус жүргізушісі қазір тергеліп жатыр. Жарақат алғандардың тоғызы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Жеңіл жарақат алған жетеуі ем-домнан соң үйіне жіберілсе, екі науқас нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Оның біреуі 31 жастағы аяғы ауыр келіншек.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады