"Сол кезде ұялдым". Танымал әнші Ақбота Керімбековаға сезімін айтты
Оның айтуынша, Ақбота Керімбекова екеуі екі жыл бірге оқыған.
Танымал әнші Рүстем Нұржігіт музыкалық мектепте оқыған кезде Ақбота Керімбекованы жақсы көргенін "Дастархан" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның айтуынша, Ақбота Керімбекова екеуі екі жыл бірге оқыған.
"Біз Ақбота Керімбекова екеуміз Алматыдағы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқыдық. Бір партада отырдық. Ақботаны бала кезден ұнататынмын. Ақбота 1-сыныптан бастап, мен 3-сыныптан бастап оқыдым. Екеуміз де фортепиано сыныбында оқыдық. Екі жылдан соң Ақбота кетіп қалды. Сол кезде сезімімді өзім де айта алмайтынмын, ұялатынмын", - деді ол.