Қазақ каскадерлері Ридли Скоттың «Наполеон» тарихи фильміне түсті

25.11.2023, 14:06
1166
Қазақ каскадерлері Ридли Скоттың «Наполеон» тарихи фильміне түсті Nomad Stunts/facebook.com

«Наполеонда» қазақтар не істеп жүр?

Smart News басылымының хабарлауынша, Қазақстандық каскадерлер Ридли Скоттың атақты тарихи фильмінде түрлі трюктерді орындап, тағы бір белесті бағындырды. Бұл туралы Kazinform басылымы жазды.  

Үш күн бұрын аты аңызға айналған режиссер Ридли Скоттың «Наполеон» фильмі прокатқа шықты.

Аталған фильмді түсіруге қазақстандық Nomad Stunts каскадерлері де атсалысқан. Бұл жайлы ұйым өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Қоржынымызды толықтыратын тағы бір жоба!» деп сүйінші сұрады каскадерлер. 

Nomad Stunts жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Күнғожиновтың айтуынша, оларды бұл жобаға трюк қоюшы Ник Пауэл ұсынған. Ол қазақстандық жігіттермен Үндістандағы фильм түсірілімінде бірге жұмыс істеген еді. 

Бұл жобада каскадерлердің бірі Мұрат Елкенов актер ретінде де өнер көрсетті. Оның рөлін Ридли Скоттың өзі белгілеп берген. 

Қазақстандықтар фильмде казактардың рөлінде бой көрсеткен.  

Еске сала кетейік, «Nomad Stunts» каскадерлері «Disney» түсірген «Мулан», Netflix-тің «Томирис», «Марко Поло», «Корольге хат», «Әмір Темір», Киану Ривз басты рөлде ойнаған «47 ронин», «Неудержимые 2», «Рэкетир 2», «Анаға жол», «Шал» сынды фильмдерге қатысқан.

Олар сондай-ақ HBO мен Apple TV+ сервистері және Universal студияларымен жұмыс жасайды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады