"Уәде бергенмін": Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызды өзі танымал еткенін айтты

25.11.2023, 15:27
8087
"Уәде бергенмін": Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызды өзі танымал еткенін айтты жеке парақшасынан

"Суреттерің көшеде ілінеді" деп уәде бердім" дейді Гүлзира Айдарбекова.

Smart News басылымының хабарлауынша, танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова үлкен келінін жұлдыз етуді армандаған кезін еске алды. Продюсер "MOM’skий әңгіме" бағдарламасында Жұлдыз Әбдікәрімованың ата-анасына келінін танымал етуге уәде бергенін айтқан. Бұл туралы kaz.nur.kz сайты жазды.

"Жұлдыздың әке-шешесіне, достарына дастарқан басында "Алла қаласа, Жұлдыз етегін жинап, балалары өссін. Қайраттың Жұлдызы емес, Жұлдыздың өзін жұлдыз етем" деп уәде еттім.

Жұлдызға да "Сенің суретің көшеде ілініп тұрады. Ең сұлу келіншек деген атаққа ие боласың" дедім. Бастаймын деп уәде бергеннен кейін осы киноны Жұлдызға түсірттім. Жаман болған жоқ. Сол күннен бастап Жұлдыздың атағы аспандады", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекова не үшін Жұлдызды ертерек өнер әлеміне әкелмегенін түсіндірді.

"Жұлдыз актрисалықты оқыды ғой. "Оны биікке шығарам" деген арманмен келдім. Осы жылдар ішінде ұлды болды, қызды болды. Егер мен Жұлдызды ертерек шығарғанымда, олардың тағдыры мүлде басқаша болар ма еді? Немерелерім туылар ма еді, туылмас па еді?

Жұлдыздықты көп адам көтере алмайды. Ол кезде ұрыс-керіс болады. Қиындық көргеннен кейін "Гүлзира төменге түс" деп өзімді басып отырамын. Өз балаңды тәрбиелей аласың. "Алма ағашы жеміс салған сайын иіледі" деймін. Оны Қайрат біледі. Ал келін сенің айдауыңа көне қоймайды ғой. Сол үшін бұрын шығарғанда басқаша болар ма еді?" , - деді продюсер.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті