Газа секторында ХАМАС тұтқынынан босаған 13 адам кім?

25.11.2023, 17:38
848
Газа секторында ХАМАС тұтқынынан босаған 13 адам кім? ашық дереккөзден

ХАМАС кепілге алған адамдар босатылды.

Израильдің ХАМАС-қа қарсы соғысындағы үзілістен кейін Газа секторындағы израильдік кепілге алынғандардың алғашқы легі босатылды. Оның барлығы 7 қазанда Нир-Озда тұтқынға алынған. Бостандыққа шыққандар туралы тағы не белгілі? Бұл туралы AstanaTV арнасы жазды.

Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім аясында кепілге алынған 13 адам — әйелдер мен балалар үйіне қайтарылды.

Бұдан бөлек, 10 Таиланд азаматы мен бір филиппиндік келісімнен тыс босатылды.

Уақытша бітім шартына сәйкес, жұма күні таңертең басталған төрт күндік үзіліс кезінде барлығы 50 израильдік босатылуы тиіс.

ХАМАС келісімге сәйкес 150 палестиналық әйел мен жасөспірім Израиль түрмесінен босатылып, Газа секторына гуманитарлық көмек, дәрі-дәрмек және жанармай тиелген жүздеген жүк көліктері кіргізілетінін мәлімдеді.

Газа секторының шекарасына жақын орналасқан Нир-Оздан тұтқынға алынғандар: 78 жастағы Маргалит Мозес, 72 жастағы Адина Моше, 44 жастағы Даниэль Алони және оның алты жасар қызы Эмилия, Алонидің 34 жастағы сіңлісі және оның күйеуі үш жасар егіз қыздарымен бірге қонақта отырған жерінен тұтқынға алынған.

34 жастағы Дорон Кац-Ашер мен оның екі қызы — төрт жастағы Раз және екі жасар Авив те Газа шекарасына жақын туыстарының үйінде болған кезде тұтқынға алынған.

Израильдік ресми тұлғалардың хабарлауынша, тоғыз жасар Охад Мундар, оның 54 жастағы анасы Керен Мундар және 78 жастағы әжесі Рути Мундар да Нир-Оздан ұрланған.

Жалпы алғанда үйіне оралған 12 адамның есімі белгілі: 78 жастағы Маргалит Мозес, 72 жастағы Адина Моше, 44 жастағы Даниэль Алони мен оның 6 жасар қызы Эмилия, 34 жастағы Дорон Кац-Ашер және оның екі егіз қызы - төрт жасар Раз бен екі жасар Авив, тоғыз жасар Охад Мундар, оның 54 жастағы анасы Керен Мундар мен 78 жастағы әжесі Рути Мундер, 79 жастағы Хана Пери, 85 жастағы Яфа Адар.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді