Қазақстандағы ең жас продюсерлердің бірі Ажар Тайжан әлемдік жүлделерді қалай бағындырды?

27.11.2023, 16:00
1896
Қазақстандағы ең жас продюсерлердің бірі Ажар Тайжан әлемдік жүлделерді қалай бағындырды? azhartaizhan

Қазақстандық алғашқы хоррор жанрындағы "Алас" мифологиялық веб-сериалы биыл ақпан айында жарық көрген болатын. Сериалды жасаушылардың бірі, креатив продюсері Ажар Тайжан SmartNews-ке берген сұхбатында сериал қалай жасалды, идея қайдан келді, тіпті болашаққа қойған жоспарлары мен басынан кешкен қорқынышты оқиғасын да әңгімелеп берді.

Бірқатар халықаралық жүлделерді бағындырған "Алас" веб-сериалының креатив продюсері ретінде Ажар Тайжан қызмет атқарған. 25 жастағы жас продюсер өзі туралы әңгімелегенде бала кезден өнерге жақын болғанын айтты.

Он сегіз жасыма дейін Алматы қаласында өстім. Мен кішкентайымнан өнерге жақын едім. Өскенде кино саласында жұмыс жасаймын деп өзіме мақсат қойдым. Сол мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Өйткені қазіргі таңда мен кино саласында продюсер қызметін атқарып келе жатырмын, - дейді Ажар.

Жас продюсер мектепті бітіре сала Америкаға аттанған. Ондағы әйгілі New York Film Academy-ге оқуға түскен. Айта кетсек, New York Film Academy - әлемнің үздік деген киногерлерін дайындаған академия.

Сурет: azhartaizhan

"Алас" туындысы Ажардың дебюттік алғашқы үлкен жобасы болғанмен, академия қабырғасында-ақ кино саласының барлық бағытына кеңінен төселе бастаған. Оның айтуынша, ол кино саласындағы жас маман болғанмен, бұл бағытта жүргеніне 8 жылдан астам уақыт болған.

Мақсатыма жету үшін Лос Анджелестегі "Нью Йорк фильм" академиясына оқуға түстім. Төрт жылдан кейін мен бакалавр бойынша "Кино өндіріс" саласын бітірдім. Оқу барысында біз өте көп жобаларды түсірдік. Оның ішінде қысқа метражды фильмдер, жарнамалар және музыкалық бейнебаяндарда режиссер ретінде қызмет атқардым. Бірақ бірнеше жобаларда тек қана режиссер болмадым. Осы жобалардың алдында мен группадағы достарымның жобаларында да операторлық, екінші режиссер, гример, суретші, костюмер және т.б. қызметтерін атқардым.

Оқуды аяқтаған соң маған бір жылға жұмыс визасы берілді. Сол жылдан бастап, жобалардың көбісінде менде атқарушы продюсер ретінде тәжірибе жиналды. Содан бастап мен креативті немесе атқарушы продюсер ғана болуды жөн көрдім. Ал қазір менің кино саласында жұмыс жасап жүргеніме сегіз жыл болды.

Америка кино өндірісінде біраз жыл оқып, әрі қызмет еткеннен соң Ажар Тайжан Қазақстанға оралуды шешкен. Білікті маман боп қалыптасқан ол Қазақстандағы Salem Social Media компаниясына жұмысқа тұрған.

Сурет: azhartaizhan

Елдегі кино өндірісіне қадам басар алдында, ол бірден хоррор жанрында фильм түсіргісі келетінін кесіп айтқан.

Бір жылдан соң, маған осы жанрда фильм түсіруме рұқсат етілді. Осы жанр мен идея жалпы кино индустриясына керек екенін дәлелдедім.

"Қазақтар хоррор түсіре алмайды" деген стереотипті бұзған "Алас" сияқты хоррор сериал жасау қазіргі қазақстандық сериал өндірісі үшін батыл қадам болды. Жалпы "бұл жоба қалай басталды? Идея қалай келді? Түсіруге қандай кедергілер болды?" деген сұраққа Ажар былай деп жауап берді:

"Алас" фильмнің сценарий жазылуына өте ұзақ уақыт кетті. Шамамен сегіз ай бойы сцанарий жазылды. Себебі бұл фильм Қазақстанда шығып жатқан кейбір сапасыз фильмдер сияқты емес. Көп уақыт қазақ мифологиясын зерттеумен, фильмдегі киім үлгілерін зерттеумен, ойлап табумен және т.б жұмыстармен уақыт кетті. Одан бөлек әрине түсіру барысын да көп кедергілер болды. 

Сурет: azhartaizhan

Айта кетсек, "Аласты" жазуға түрткі болған - қазақ мифологиясындағы қорқынышты хикаялар кейіпкерінің бірі болған. Жалпы қазақ мәдени мұрасында қорқынышты кейіпкерлер аз емес. Жезтырнақтан бастап, албасты, үббе, күлдіргіш, дию және өзге де адамға үрей туғызар мифтік образдар көп. Ал "Алас" үшін қай кейіпкер таңдалды?

— Иә, басқа мемлеттерде хоррор жанры дамыған және мифтері де өте көп. Біз "Алас" фильмін түсіру үшін жаңа айтылғандай, қазақтардың мифологиясын ұзақ зерттедік. Басынан бастап біз фильмді тек қазақ мифологиясымен түсіреміз деп шешкенбіз. Зерттей келе, біз қазақтың мифологиясындағы  "Албасты" деген кейіпкерге тоқталдық. Себебі, бұл кейіпкердің образы яғни жартылай адам, жартылай балық. Ол екібақат әйелдердің баласын тартып алады. Қазақ мифологиясындағы ең қорқынышты кейіпкер "Албасты" біздің фильміміздің басты идеясына айналды.  

Сурет: azhartaizhan / "Албасты" кейіпкері, рөлді ойнаған - Райхан Айтқожанова

Еске сала кетсек, "Алас" сериалында басты кейіпкерлердің бірі - аяғы ауыр Рахия. Ол Қайрат пен Динара есімді кейіпкерлерге суррогат ана болуға келіскен қыз. Сериал осы тұстан кейін үрейлі хикаяға қарай ойысады.

Жалпы сериалды жасауға, ондағы мистикалық кейіпкерді зерттеуге көмектескен, ізденуге бағыт бергендер жоқ емес екен.

"Албасты" кейіпкеріне тоқталуға — мен, сценаристтер, режиссер, тіпті ТМД бойынша ең күшті шаман кісі көмектесті, - дейді креатив продюсер.

Сурет: azhartaizhan

Ажар бір сөзінде "Аласқа" сын айтқандар жоқтың қасы екенін айта кетті. Жалпы көрермен қазақстандық киногерлерден мұндай туындыны күтпегені анық. Әлемдік кинофестивальдер мен байқауларда "Алас" жеткен жетістік аз емес.

Оның ішінде Бразилиядағы "Djanho!", АҚШ, Юта штатындағы "Film Quest", Аризона штатындағы "HorrOrigins Film Festival", Лос Анджелестегі "LA Shorts Film Festival", "HorrorHaus", Ұлыбритания, Лондондағы "Unrestricted View Horror Film Festival", Канада, Онтариодағы "Terror in the Bay Film Festival" секілді жүлделерде бой көрсетіп, бірнешесінде қатысып қана қоймай, үздік деп танылған.

Сурет: azhartaizhan

Жалпы жас продюсер өзіне де "Алас" үшін тікелей сын айтып, мін таққандар болмағанын ашық айтты. Сондай-ақ ол қазір жаңа жобаға кіріскені жайлы шет-жағасын айта кетті.

"Алас" фильмі көп фестивальдерде ұтып келе жатыр, бұл қуантады. Ал қазір, мен жаңа жобаны ақырындап бастап келе жатырмын. Бірақ қазір ештеңе айта алмаймын, әлі уақыты келмеді, - дейді Ажар Тайжан.

Жаңа жобасы туралы толығырақ тоқталмаса да, Ажардың болашаққа деген жоспары әзірден айқын.

Маған хоррор жанры өте ұнайды. Бірақ бұл жанрмен ғана тоқталып қалмаймын. Болашақта толықметрлі фильмдер, сериалдар түсіру жоспарда бар. Маған жаңа жанр ашу, жаңа идеялар ойлап тапқан қызығырақ. Бірақ комедия немесе драма емес. Өйткені бұл жанрлар менен алыстау.

Болашақта Ажар продюсерлік жұмысымен елді талай қуантпақ. SmartNews-ке берген сұхбатының соңында ол оқырмандарға өзінің басынан өткерген тылсым хикаясымен бөлісе кетті.

Иә, әрине болды, әрі мен бұл нәрсеге сенемін. Менің кішкентай кезімде біз бес жыл бойы зираттардың қасында тұрдық. Бірақ біз оны білмедік. Себебі ол ормандардың арасында болды. Ұйықтап жатқанда құлағыма айғайлайтын, беті жоқ адамды да көргенмін. Бірақ менің айтарым бұндай дүниелер өмірде расымен бар және бұл нәрсе қалыпты, - деп ой бөлісті Ажар.

Оның хоррор жанрына қызығушылығын оятқан осындай хикаялар, қазақтың мифтері мен ертегілері болғаны анық. Жас продюсер Ажар Тайжан алда қазақ мәдениетін шетелге танытуды жалғастырып, осыған дейінгі жеткен жетістігінен де көп белестерді бағындырар деген тілекпен сұхбатымызды аяқтадық.

Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады