ҚазҰУ студенттері Бахрейнге жолдама ұтып алды

27.11.2023, 15:47
823
ҚазҰУ студенттері Бахрейнге жолдама ұтып алды novoetv.kz

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы Республикалық 2023-2024 жылғы маусымға арналған Huawei ICT Competition АКТ байқауының ұлттық финалы өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

 Аталған байқауда ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің студенттері желілік технологиялар мен инженерия саласындағы өз біліктіліктерін растап, Network Track трек бойынша үздік ондыққа енді.

Жарысқа еліміздің жоғары оқу орындарынан 150-ден астам талантты студент жастар қатысты. Олар сайыста өз шеберліктері мен бар білімдерін көрсетіп, үздік атақ үшін бақ сынасты. Таланттар экожүйесін дамытудың тетігі саналатын байқау кезекті рет жастардың мүмкіндігі мен әлеуетін арттыруға жол ашатынын дәлелдеді.

Байқау нәтижесінде ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің студенттер командасы Network Track бағыты бойынша үздік ондыққа еніп, желілік технологиялар және желілік инженерия саласында жоғары нәтиже көрсетті.

Бүгінде Cloud Track бағытына ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері ерекше қызығушылық танытуда. Олар жарыста бірінші және екінші орындарды иеленді. Бұл жетістік студенттерге өз білімдеріне деген сенім мен алдағы қиындықтарды шешуге дағдылануға көмектеседі. Осы тәжірибе арқылы жастар әлемнің әр түкпірінен келген үздік жастар арасында халықаралық кеңістікте өз күштерін сынауға бірегей мүмкіндік алады.

Cloud Track жеңімпаздары алдағы 18-21 желтоқсан аралығында Бахрейнде өтетін аймақтық финалға қатысады. Бұл финалға Қазақстан атынан қатысу құқығын жеңіп алған ҚазҰУ студенттері өз білімдерін шыңдап, аймақтық байқауда ел намысын абыроймен қорғайтын болады.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды