«Ішіне пышақ сұғып алған». Гүлзира Айдарбекова күйеуінің оқиғасымен бөлісті

29.11.2023, 11:16
11891
«Ішіне пышақ сұғып алған». Гүлзира Айдарбекова күйеуінің оқиғасымен бөлісті gulziraaidarbekova

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова тұрмыс құрған жылдары орын алған ауыр оқиға туралы алғаш рет айтты.

Stan.kz сайтының мәліметінше, тұңғышы Қайрат Нұртас бес айлық кезінде күйеуін пышақтап кеткен.  

Қайғылы оқиға жастардың би кешінде болған.

Қайрат 5 ай болған кезде Нұртасты Павлодар қаласына тәжірибеге алып кетті. Ол кезде Политех-тың студенті болатын. Бізге жас отбасы деп институт екі бөлмелі жатақхана берген еді, мен сол жерде қалдым. Екеуіміз екі қалада жүрдік. Павлодар қаласына барғаннан кейін, жас жігіттер би кешіне шығады. 25 бала болып барады. Сол жақтың 50-60 баласына тап болып, қарсы төбелеседі. Нұрекең сол кезде әскерді енді бітіріп келген жылы болатын, дейді подюсер.

Ол кезде күйеуінің тепсе темір үзетін күші бар еді дейді ол.

25 баланың бәрі әскерге бармаған. Арасында екі-үш жігіт қана барған. Қалғандары институттың 1 курсын бітірген жасы 20-ға да толмаған жас жігіттер. Бұзақы жігіттер араларындағы Бауыржан деген баланы шақырады. Қолдарына пышақ барын анық көрген Нұрекең оны артқа қарай итеріп, өзі төбелесуге кетеді. Сол сәтте барлығы Нұрекеңе жабылып, ішіне пышақ сұғып, терісін жыртып жібереді. Маған хабар келгенде, ең бірінші басыма келген ой, “бес айлық баламен жесір қалдым ба?” деген болды. Қатты қорқып кетіп, бір орында тұрып қалғаным есімде, – деп  еске алды ол.

Гүлзира Айдарбекова отбасы болғаннан кейін әртүрлі сынақ болатынын айтты.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды