Ажар Ғиният немересі вакцина алғаннан кейін өзін қалай сезінгенін айтты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылшаға қарсы вакцинаның қауіпсіз екенін дәлелдеу үшін немерелерін мысалға келтірді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Ведомство басшысының айтуынша, екпеден кейін бала өзін жайсыз сезінуі мүмкін.
9 жастағы немерем 6 жасында екпе алды. 5 жасар немерем де вакцина салдырды. Төртінші күні оның температурасы көтеріліп, құса бастады. Дәрігерлер мұны екпеден болған деп түсіндірді. Бір күннен соң аурудың белгісі байқалмады. Сізге жағдайдың қалай болғанын өзгертпей айтып бердім, - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.