Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарған зейнеткер жүргізуші куәлігінен айырылды

30.11.2023, 14:21
948
Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарған зейнеткер жүргізуші куәлігінен айырылды polisia.kz

Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарған зейнеткер жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Т. Рысқұлов ауданында өзінің Mercedes-Benz-190 автокөлігін мас күйінде басқарған 64 жастағы жүргізуші ұсталды.

Аталған дерек осы жылғы 29 қарашада Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының бойында полиция қызметкерлерімен патрульдеу кезінде анықталды. Медициналық куәландыру ер адамның алкогольдік ішімдік ішкенін растады.

Оған қатысты мас күйінде көлік басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді.

Автокөлік айыптұраққа қойылды. Аудандық соттың қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Жамбылдық полицейлермен 10 айдың ішінде облыс аумағында мас күйде көлік басқарған 631 жүргізуші жауапқа тартылды.


Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды