Еуразиялық даму банкі AIX алаңында Алматы жылу электр орталығын жаңғырту үшін инвестиция салуды жоспарлауда

30.11.2023, 15:38
779
Еуразиялық даму банкі AIX алаңында Алматы жылу электр орталығын жаңғырту үшін инвестиция салуды жоспарлауда Астана халықаралық қаржы орталығы

Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) ESG облигацияларын шығару жөніндегі бағдарлама шеңберінде AIX алаңында 236,8 млрд теңгеге дейінгі мөлшерде Қазақстанның ірі электр энергетикалық холдингі «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниясы «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) шығаратын орнықты даму облигацияларын (SLB) сатып алу ниетін жеткізді.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр. Облигациялардың басты мақсаты - Алматы ЖЭО-3 қайта жаңартуды қаржыландыру.

ЕАДБ-дан бөлек, жобаның негізгі немесе әлеуетті инвесторлары болып басқа даму институттары мен екінші деңгейдегі банктер қатыса алады.

SLB «АлЭС» облигациялары Орталық Азиядағы орнықты даму облигацияларының ең ірі шығарылымы болады деп күтілуде, ал табысты іске асырылған жоба Алматы агломерациясының энергетикалық жүйесінің тиімділігін арттырып қана қоймай, өңірдің экологиясын жақсартуға өз үлесін қосады.

AIX Басқарма төрағасы Әсел Мұқажанова:

«Соңғы жылдары бүкіл әлемдегі инвесторлар инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде ESG өлшемшарттарының маңыздылығын көбірек түсінуде. Нәтижесінде көптеген компаниялар ESG-ді өз қызметіне және бизнес стратегияларына енгізе бастады. AIX қолжетімді өнімдер желісі арқылы орнықты дамуға инвестиция салуға мүмкіндік бере отырып, осы трендке сай бола алғанына қуанышты», – деп атап өтті.

«АлЭС» тұрақты даму облигацияларын шығару бағдарламасы АХҚО Жасыл қаржы орталығының қолдауымен дайындалды. ЖҚО қажетті консультациялық сүйемелдеу көрсете отырып, облигациялар шығару шарттарының тұрақты даму облигациялары қағидаттарына (Second Party Opinion) сәйкестігі туралы тәуелсіз қорытынды жасады.

АХҚО Жасыл қаржы орталығының директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Келбетов: 

«АХҚО экологиялық тұрақты жобаларға инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін инновациялық қаржы құралдарын енгізуге ұмтылады. Осындай жаңа қаржылық өнімдердің бірі тұрақты дамумен байланысты облигациялар (Sustainability-linked bonds) десек қателеспейміз. Біз бүгін Қазақстан Орталық Азияда көміртегі ізін төмендету жөніндегі жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін осы облигациялар нарығын бірінші болып іске қосқанын зор қуанышпен хабарлаймыз», - деп пікір білдірді. 

 

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген