1424

Тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған ер адам бес тәулікке қамалды

Елордалық тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған азамат бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған ер адам бес тәулікке қамалды
polisia.kz

Астанада ер адам тұрғын үйдің кіреберісіндегі ашық балконда орынсыз әрекет жасап, дәрет сындырғаны камераға түсіп қалған. Ер адам Т.Шевченко көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінің ашық балконының кіреберісіндегі орынды былғағаны белгілі болған.

"Сарыарқа аудандық ПБ учаскелік полиция инспекторлары түскен ақпарат бойынша аталған аумаққа барып, қоғамдық тәртіпті бұзушыны анықтады. Полицейлер оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғады. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 42 жастағы ер адам бес тәулікке әкімшілік жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.