Мәжіліс саусақ ізін тапсыру міндеті туралы бастаманы заңнан алып тастады

30.11.2023, 17:53
959
Мәжіліс саусақ ізін тапсыру міндеті туралы бастаманы заңнан алып тастады canva.com

Мәжіліс төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдейтін азаматтарды саусақ ізін тапсыруға міндеттеу туралы бастаманы заңнан алып тастады. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

Бірақ бұл талап шетелдік азаматтар үшін міндетті болып қалады.

«Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылаған депутаттар осындай шешім қабылдады.

Жалпы аталған заң жобасында 17 заңнамалық актіге, оның ішінде Қазақстан Республикасының 5 кодексіне және 12 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Жалпы бұл заң жобасы 2023 жылғы 4 қазанда бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Бұл жолы депутаттар бірнеше түзетулер қосып отыр.

Ол түзетулердің негізгі тезистері мынандай:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерлерінің санаттарын нақтылау;

- өтініштерді кәсіпкерлік субъектілері арқылы әріптестік келісімдер негізінде қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін беру мүмкіндігін ұсыну;

- Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша жеке ақыға қосымша сервистік қызметтер көрсету;

- «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қатысушыларын орналастыру талаптарын оңтайландыру;

- Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлігін және (немесе) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алған кезде дактилоскопиялық тіркеуден өту міндеттілігін алып тастау.

«Құжаттарды алған кезде дактилоскопиялық тіркеуден өту міндеттілігі алынып тасталады. Қазақстандықтар тіркеуден өз еркімен өте алады. Бұл ретте дактилоскопия шетелдік азаматтар үшін міндетті болып табылады», - деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Депутаттар заңды қабылдап, Сенат мақұлдауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды