«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер енгізілді

01.12.2023, 13:28
885
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер енгізілді eljastary.kz

Еліміздің әрбір үшінші тұрғыны қазір жастар санатына кіреді.

SmartNews сайтының хабарлауынша, 2023 жылы Қазақстанда жастар саясаты саласындағы заңнамалық база жаңартылды. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер енгізілді.  Жастардың шекті жоғарғы жасы 35-ке дейін көтерілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіліп, жастар саясатын іске асыру саласындағы басты бағдарға айналды.

Жастар саясаты саласындағы осындай өзгерістердің нәтижесінде жастар саны 2 миллионға артып, 5 726 629 адамға жетті. Халықтың жалпы құрылымында еліміздің әрбір үшінші тұрғыны қазір жастар санатына кіреді.

Сурет: eljastary.kz

«Қазақстан жастары – 2023» ұлттық баяндамасының авторлық ұжымының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы Айгүл Көшербаева жастар құрылымындағы өзгерістер мен елдің экономикалық секторына әсері туралы айтып берді. 

«Кейінгі бес жылдағы жас диапазонының өзгеруін ескере отырып, жастар санын қайта есептегеннен кейін динамика өткен жылдан бастап жастардың өсу бағытындағы айқын үрдісті көрсетеді. Республикада жастардың ең аз саны (5 662 790 адам) 2021 жылға келеді, осыдан кейін өсу үрдісі басталды», – дейді сарапшы.

Жастар 1990-2000 жылдардағы туу деңгейінің төмендігі мен қарқынды эмиграцияға байланысты «демографиялық шұңқырда» болып келген. Алайда алдағы екі-үш жылда 2010-2011 жылдары туған азаматтардың есебінен жастар саны күрт артады деп күтіліп отыр.

«Парето механизміне сәйкес, 2011 жылы туған ұрпақ «жастар шоқысының» триггері болуы мүмкін, яғни олар қазір – 12 жастағы балалар. Бұл жастарды жұмыспен қамтудың арнайы шараларын әзірлеу қажеттілігіне алып келеді. Ал ұзақ мерзімді перспективада жастардың жаңа тобы халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне, атап айтқанда, зейнетақы жүйесіне қысым жасауы мүмкін. Сондықтан қазірден реттеу шараларын қабылдау маңызды», – дейді сарапшы.

Айгүл Көшербаеваның пікірінше, қазіргі уақытта қазақстандық жастар үшін басты проблемалардың бірі – жұмыспен қамту және кәсіби даму мәселесі.

«Жастар, әдетте, еңбек қызметінің субъектісі ретінде толық қалыптаспағандықтан, ол жұмыстағы кез-келген өзгерістерді оңай қабылдайды, өзінің функциялық міндеттерінің үнемі өзгеруіне бейімделеді. Сонымен қатар жастар еңбек қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіби өсу мен мансап перспективалары үшін қолайсыз еңбек жағдайларын елемеуге дайын.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының әлеуметтанулық зерттеулеріне сәйкес, жұмыс орнын таңдау кезінде жастар үшін ең маңызды топ 3 факторға жалақы деңгейі мен қосымша жеңілдіктер – 45,3%, кәсіби өсу мүмкіндігі – 40,8%, тұрақтылық пен сенімділік – 27,3% кіреді», – дейді сарапшы.

Атап өтейік, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы реті бойынша он бірінші «Қазақстан жастары – 2023» ұлттық баяндамасын дайындап шығарды. Баяндамада жастардың өмірінің негізгі салаларындағы жай-күйі мен әл-ауқатын талдау қамтылған. Есептің толық нұсқасымен eljastary.kz сайтында танысуға болады.

«Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған