«Нұрғали Нүсіпжанов амбассадор болды»: Ғаділбек Жанай өкпе-ренішін білдірді

01.12.2023, 15:59
5163
«Нұрғали Нүсіпжанов амбассадор болды»: Ғаділбек Жанай өкпе-ренішін білдірді ашық дереккөзден

"Ағаға іні бола алмасақ, аға болғанда іні ерте алмаймыз"

SmartNews сайтының хабарлауынша, Нұрғали Нүсіпжанов танымал брендке амбассадор болған. Осы орайда, белгілі әнші Ғаділбек Жанай өзінің «Инстаграм» парақшасына қазақ бауырларына өкпелейтінін айтты. Бұл туралы ernur.kz сайты жазды.

«Көңіліме қатты тиді. Ағаға іні бола алмасақ, аға болғанда іні ерте алмаймыз. Бұл Нұрғали Нүсіпжанов көкеміз. Суреті «KETROY» деген ерлер киімін сататын дүкенде ілініп тұр. Иесі Денис деген жігіт.

Енді ойлаңыздаршы, біз әлі күнге дейін өз ардақтыларымызды құрметтей алмай келеміз. Мен мұны басқа бауырларды қайрау үшін айтып отырмын. Бір қазақтың дүкенінде өз тұлғаларымыздың суреті жоқ. 

Кеше мен осы Денис деген жігітке хабарласып, рахмет айттым. «Біз жасамаған нәрсені жасапсың, Алла разы болсын!» дедім. Өзі қазақша сөйлейді, «мен де соған күйінемін» деді ол.

Біздің өзіміз өз арамыздағы көзі тірі аңыз адамдарды осылай құрметтей алмай отырғанда, ұлты басқа бауырымыздың Нұрғали ағамызды дүкеніне амбассадор етіп алуы кішкене ұялтып қойды» деді Ғаділбек Жанай. 

Әншінің бұл сынын желі қолданушылары да қолдады. 

«Денистің жүрегінде иман бар екен, қазақтың өзі қадірлей алмған ұлыларға деген құрметіне, тіліне, жеріне, еліне деген құрметін осы бір суреттен-ақ бағалауға болады», «Денис өзі сататын киімдердің этикеткасына Абайдың қара сөздерін жазып қойған», «Нұрғали аға күннен күнге жасарып келеді, ол үшін уақыт тоқтап қалғандай», «Дұрыс, өзіміз өндіретін өнімдерге өз адамдарымыз жарнама жасасын!» деп жазды көпшілік. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды