"Биылдыққа 5 рет ауруханада жаттым". Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов дертке шалдыққанын айтты
Әртіс жүрегі ауыратынын айтты.
Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов дертке шалдыққанын айтты. Бұл туралы massaget.kz сайты жазды.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Биылдыққа 5-рет жүрекпен ауруханаға жаттым. Жүрегіме стэнд қоюға мүмкіндік жоқ. Бір тамырдың бойы аншлаг, келесі бір вариант "соямыз" деп, кардиохирургтер пышақтарын жалаңдатып ниет білдірді", - деді ол.
Өнер иесінің айтуынша, дәрігерлер оның жүрегіндегі ақауды зерттеп, коронография жасап, тамырды үрлеу әдісімен емдеген.
"Қазір Аллаға шүкір жақсымын. Еліміздегі бұл клиникада нағыз сапалы емдік әдістерімен қоса,заманауй аппараттарымен емдейді", - деді өнер иесі.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші