"Жақындарының дауысын келтіреді": Ұлттық Банкі алаяқтықтың жаңа схемасын әшкереледі

01.12.2023, 20:19
12362
"Жақындарының дауысын келтіреді": Ұлттық Банкі алаяқтықтың жаңа схемасын әшкереледі stopfake.kz

Алаяқтар жасанды интеллекті дауысын пайдаланып, жұртты алдап жүр.

SmartNews сайтының хабарлауынша, Қазақстан Ұлттық Банкі жасанды интеллектті пайдалана отырып жасалатын телефон алаяқтығының жиілеп кеткені туралы ескертті. Бұл туралы Ұлттық банк ресми сайты жазды.

Алаяқтар кез келген адамның жақын туыстары мен таныстары туралы ашық дереккөздерден алдын ала ақпарат жинайды. Бұл дереккөздер – әлеуметтік желілер, қорғалмаған дерекқорлар мен интернетте орналастырылған дербес мәліметтер. Бұдан әрі олар дауыстық деректердің жазбасын жасау үшін белгісіз немесе анонимді телефон нөмірлерінен қоңырау шалады.

Қаскөйлер алынған дауыстық жазбалар мен жасанды интеллект көмегімен өңделген бағдарламаларды пайдалана отырып, дербес деректерді немесе ақшалай қаражатты алу мақсатында өздерін алаяқтық құрбаны болатын адамның туыстары немесе жақындары ретінде таныстырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтарды белгісіз нөмірлерден қоңырау шалынған кезде қырағылық танытуға, өздерінің дербес деректерін ашпауға, мобильді қосымшаларды орнатпауға, мобильді телефонға қашықтан кіру рұқсатын бермеуге және телефон арқылы сөйлесу барысында алынған нұсқаулар бойынша үшінші тұлғалардың шоттарына ақшалай қаражатты аудармауға шақырады.

Егер Сіз немесе Сіздің таныстарыңыз алаяқтық схемаларына тап болса, алаяқтық фактісі бойынша іс жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгінуді ұсынамыз.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды