"Аула сыпыратыным үшін намыстандым": Гүлзира Айдарбекова аула сыпырушыларды менсінбей ме?

02.12.2023, 20:44
7419
"Аула сыпыратыным үшін намыстандым": Гүлзира Айдарбекова аула сыпырушыларды менсінбей ме? gulziraaidarbekova

"Нұрекең екеуіміз 15 күнде алғашқы көлігімізді алдық"

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова алғаш рет пәтер алған кезін еске алып, бұл мақсатына жету жолында қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді. Бұл туралы kaz.nur.kz жазды. 

Гүлзира Айдарбекова жолдасы екеуі тынбай еңбек етіп, алғашқы пәтеріне өз күшімен қол жеткізгенін айтты.

Баспаналы болу үшін белгілі продюсер тіпті аула сыпырушысы болған.

"Нұрекем де күндіз-түні тынбай жұмыс істеп, үйге ақша жинады. Жас отбасы болғандықтан, менің де көмектескім келді. Аула сыпырушы болып жұмысқа орналастым. Көшеде жүргенде қатты қорқатынмын. Таныстар мен көршілер көріп қоймаса екен деп бетімді жерден алмай сыпыра беретін едім.

Үлкен әже болып киініп, тек көзімді ғана ашып жүру қиын болса да, шыдадым. Жұмыстан намыстанып тастап кеткім де келген күндер болды. Бірақ мақсатымыз айқын болғасын соңына дейін көнуге тура келді.

Сол кезде арсыздықпен ақша таппай, адал еңбекпен жұмыс істегеніме қуанамын. Бірақ аула сыпырушы жұмысынан шықтым, екінші мүмкіндіктің ашылатынын білдім", – деді продюсер. 

Сондай-ақ Айдарбекова Қайрат Нұртасқа аяғы ауыр болған кезде саудамен айналысқан.

"Қайратқа айы-күнім жетіп, ауылға босануға бардым. Сол кезде ауылдың дүкендерінде импорт деп аталатын киімдер келіп жатыр екен. Ол кезде ешкім бренд деген сөзді білмейді.

Сол киімдердің бәрін сатып алып, жоспарымды өзгертіп, қалаға әкеліп таныс қыз-келіншектерге саттым. Қалада ондай киімдер қымбат әрі тапшы. 

Нұрекеңе саудаға шығатынымды айттым. Ол да қарсы болмады. Ауылдан әкелген киімді бір күнге жетпей, жатақханада тұратын қыз-келіншектер талап алып кетті.

Күніне 200-300 сом ақша таптық. Нұрекең екеуіміз 15 күнде алғашқы көлігімізді алдық. Көп ұзамай армандаған бір бөлмелі пәтерге ие болдық", – деп еске алды продюсер. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды