Қазақстан докторанттары Жапонияда ғылыми баяндамаларын таныстырды

03.12.2023, 09:25
832
Қазақстан докторанттары Жапонияда ғылыми баяндамаларын таныстырды gov.kz

Жұбанов университетінде докторанттардың шетелдік ғалымдармен бірлесе жұмыс жасауы алға қойылған.

Оқу орнындағы «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасының 3 курс докторанттары Дана Рыспаева мен Анара Уркунова маусым айында The Education University of Hong Kong университетінің құрметті профессоры, шетелдік супервайзер Керри Джон Кеннедидің жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр. 

Профессордың Хирш индексі – 20, ал The Education University of HK – QS World University Rankings 2023 рейтингіне сәйкес білім беру саласында әлемде 21-інші және Азияда 4-ші орында тұрған жоғары оқу орны болып табылады.

Сонымен қатар, гранттық қаржыландыру аясында Жұбанов университетінің докторанттары Жапонияда өткен 15-ші Халықаралық Азия білім беру (Asian Conference on Education 2023) конференциясына қатысты.

«Қазақстанда жаһандық дағдыларды дамыту: бастауыш мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін зерттеу» ғылыми жобасы аясында докторанттар «Developing Global Skills through Teaching Methods and Strategies: Primary School Teachers Preparedness and Practice in Kazakhstan» тақырыбында ғылыми баяндамаларын таныстырды.

«Әлемнің түрлі елдерінен көптеген ғалымдар білім беруді дамытудың жетістіктері мен мәселелерін талқылады, сындарлы ғылыми пікірталас өткізді. Конференцияда талқыланған мәселелердің әртүрлілігі білім беру саласындағы ғылымның болашағын көрсетті. Осындай деңгейдегі халықаралық конференцияларға қатысу ғылыми жобаларды іске асыруға серпін береді», - дейді Анара Уркунова.

Жоба аясында жүргізілген зерттеу нәтижелерін тарату және халықаралық ғалымдармен тәжірибе алмасу – ғылыми конференцияға қатысудағы басты мақсатымыз болды дейді жас ғалымдар.

«Қазіргі таңда халықаралық ғалымдармен нетворкинг құру және бірлесе жұмыс жасау өте маңызды. Сондай-ақ, гранттық жоба бойынша жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелерін академиялық ортаға таныстыру арқылы, біз зерттеуімізге қатысты шетелдік ғалымдардан кері байланыспен қатар жұмысты одан әрі жақсарту үшін пайдалы ұсыныстар алдық. Бұл - біздің басты мақсатымыз болатын. Осы сәтте, ғылым жолында үнемі қолдау көрсетіп, Отандық ғылымды дамытуға және кәсіби тұрғыда дамуымызға мүмкіндіктер беріп отырған министрлікке, жоба жетекшісі, әрі супервайзеріміз Лаура Чапайқызы Қарабасоваға алғысымызды білдіргіміз келеді», – дейді Дана Рыспаева.

Айта кетейік, 2023 жылдың 22-25 қараша аралығында Токиода өткен халықаралық конференцияға 65 мемлекеттен 750-ден астам делегат қатысты.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)