Желтоқсан айында неше күн демаламыз
Қазақстандықтар желтоқсан айында 11 күн демалады, бірақ бұл демалыс күндер барлығына бірдей емес. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Биыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі аптаның сенбісіне тура түсіп тұр. Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке сенбі не жексенбіге келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Демек аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 16, 17, 18 желтоқсан күндері, ал алты күн жұмыс істейтіндер – 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.
Желтоқсан айының соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31-іне сәйкес келеді. 2024 жылғы жаңа жыл мерекесіне орай 1,2 қаңтар күндері демалыс күні болып белгіленген. Демек аптасына бес жұмыс күн істейтін қазақстандықтар 30,31 желтоқсан мен 1,2 қаңтар, яғни, қатарынан төрт күн, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үш күн демалады.