793

Жетісу облысында жолға атып шыққан жылқы адам өліміне себепкер болды

Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласынан шыға берісінде Audi A8 автокөлігінің қатысуымен болды, аталған көлік кенеттен жолға атып шыққан ірі атпен соқтығысқан.

Жетісу облысында жолға атып шыққан жылқы адам өліміне себепкер болды
Polisia.kz

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр. 

Ауди А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікте жолаушы ретінде болған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.