Астана - Щучинск бағытындағы жол жабылды
Қолайсыз ауа райына байланысты Астана мен Щучинск арасындағы көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Бұл туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
3 желтоқсанда сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, көктайғақ), «Астана – Петропавл» республикалық тас жолының 18-234 шақырымы, «қала» учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Астана – Щучинск» қоғамдық және жүк көліктеріне арналған, - делінген ТЖД хабарламасында.